ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Бұл кездесу көпке дейін есте қалады». Еркебұлан Сейдахмет Шотландиямен болған матчты қорытындылады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландиямен болған матч туралы ойымен бөлісті.

- Еркебұлан, Шотландиямен өткен матчты мансабыңыздағы ең есте қалатын ойын деп атауға бола ма?

- Иә, бұл матч менің өмірімде үлкен рөл атқарады деп ойлаймын. Есте қалатын матчтардың бірі болмақ. 0:2-ден 2:2-ге жеткізіп, мінез көрсеттік. Жақсы командалық ойын көрсете білдік, бұл кездесу көпке дейін есте қалады.

- Сіз пенальтиді өзіңіз жасап, өзіңіз орындауға мүмкіндік алдыңыз. Осы сәтте өз бетіңізше шешім қабылдадыңыз ба, әлде жаттықтырушылар құрамымен талқыладыңыз ба?

- Бізде бапкердің пенальтиді кім орындайтыны туралы жоспары бар. Бапкер пенальтиді басқаға бер десе, мен берер едім. Ол маған сенім артты, сондықтан жауапкершілікті өз мойныма алдым.

- 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ұпай алуға болатынына сендіңіз бе?

- Иә, көп мүмкіндікті жіберіп алдық. Ойын біздің бақылауымызда болды. 0:2 болса да өзімізге сеніп, есепті 2:2-ге жеткіздік.

- Жастар құрамасының қазіргі іріктеу кезеңіндегі ойынын қалай бағалайсыз?

- Біз әр командаға қарсы жақсы ойнаймыз, бірақ, өкінішке орай, нәтиже әрқашан біз ойлағандай бола бермейді, бірақ Шотландияға қарсы матчта алғашқы ұпайларды қоржынға салдық. Алдағы екі турда да жақсы ойын өрнегін көрсетеміз.

- Екінші таймда сол қапталға ауыстыңыз, Сізге ол жақта ойнау ыңғайлырақ сияқты.

- Иә, мен де байқадым, маған сол жақта ойнау оңайырақ, соққы жасау немесе пас беру мүмкіндігі көбірек болады. Оң жақта да ыңғайлы, бірақ сол жақ сәл ыңғайлы деп айта аламын.

- «Қайратта» қазір оң қапталда ойнап жүрсіз, қорғаныс тұрғысынан бұл сізге қиын позиция ма?

- Бұл позицияда өзімді қалыпты сезінемін, еркін ойнаймын. Жаттықтырушының кеңестеріне сүйенсек, ойнау оңайырақ болады. Мен үмітті ақтаймын деп ойлаймын.

- Бердыев Сізге жаңа позиция тауып берді, Сіз қайтадан тұрақты түрде ойнаудасыз. «Қайраттағы» жағдайға көңіліңіз тола ма?

- Иә, Құрбан Бекиұлы – ТМД елдеріндегі үздік бапкерлердің бірі. Және онымен жұмыс істеу маған қатты ұнайды. Менің клубтан кету туралы нұсқа болды. Бірақ осындай жаттықтырушымен жұмыс істеу үшін қалдым, одан көп нәрсені үйренемін. Менің ойымша, біз маусымды жақсы бастадық – үш кездесуде жеті ұпай.

- Спорттық мансабыңыздың басында ұлттық құрамада көбірек ойнасаңыз, қазір жастар құрамасына жиі шақыртылып жүрсіз. Сіз оны қалай қабылдайсыз және негізгі командаға қайта оралуға дайынсыз ба?

- Әрине, кез келген жас ойыншының арманы ұлттық құрамада ойнау. Жаттықтырушылар штабының жас ойыншыларды бақылап жүргенін бәрі біледі. Мен жанкүйерлерді қуантқым келеді және елім үшін ойнауға дайынмын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;