ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Азия чемпионаты: 5 боксшы қыз финалға шықты

Иорданияның Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі жалғасуда. Жартылай финал жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша, бес қазақстандық боксшы қыз ақтық сынға жолдама алды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, 46 келідегі Диана Елеусіз өзбекстандық Жасми Тохировадан, 48 келідегі Гаухар Зарден үндістандық қарсыласынан жеңілді. 52 келідегі Шахназ Тайыржанова мен 54 келідегі Айша Сариева да үнді спортшыларына есе жіберді. 57 келідегі Анар Сәлімбай иорданиялық Ая Сувиндехтке 2:3 есебімен жол берді. Ауыр салмақтағы Аружан Зейноллаева өзбек қыз Собирахан Шахобидиновадан жеңілген.

Ал 50 келідегі Карина Тоқыбай, 60 келідегі Ұлдана Тубай, 63 келідегі Нұрсулу Сүйенәлі, 66 келідегі Аружан Жанғабаевалар жартылай финал кездесулерінде жеңіске жетті. Сондай-ақ, 80 келідегі Құралай Егінбайқызы өзбекстандық Рукшон Парпиеваны 5:0 есебімен ұтты.

Осылайша, 5 боксшы қызымыз Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!