2021 жылдағы «Үлкен дулыға» сериясының алғашқы турнирі нағыз қызған шағында. Бірақ қазақстандық теннисшілер Australian Open-нің екінші аптасына жолдама ала алмады. Ал vesti.kz отандық спортшылардың аталған додада қанша қаражат пайда көргенін жариялады.
Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей, жұптық және аралас жұптық сындарда өнер көрсетіп, 130,7 мың АҚШ долларына ие болды.
Жекелей сында үшінші айналымға дейін жетіп, жұптық сайыста алғашқы кезеңнен аса алмаған Юлия Путинцева мен Зарина Дияс 178,9 мың АҚШ долларына байып қалды.
Ал турнир басталмас бұрын әлемдік рейтингте 1337 орында тұрған Ярослава Шведова жекелей, жұптық және аралас жұптық сындардың алғашқы айналымынан сүрініп, 91,8 мың АҚШ долларына қанағат етті.
Ерлен арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында екінші айналымға, жұптық сайыста үшінші кезеңге өтсе, аралас жұптық жарыста алғашқы турда қарсыласқа жол беріп, әмияны 144,4 мың долларға майланды.
Жұптық сында екінші айналымға жетіп, жекелей сайыста алғашқы айналымнан аса алмаған Михаил Кукушкин 95,3 мың доллар пайдаға кенелді.
Ал тек жұптық сында өнер көрсетіп, екінші айналымда әлемнің үздіктерін жолда қалдырып, үшінші айналымнан сүрінген Андрей Голубев 25,2 мың АҚШ долларын місе тұтты.
Жалпы қазақстандықтар Australian Open-2021 турнирінде шамамен 850 мың доллар пайда тапты.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.