Мәскеуде бразилиялық джиу-джитсудан кимоно және кимоносыз секцияларда өткен ашық әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Самат Айтпанбет екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоңыр белбеу иелері арасында сынға түсіп, барлығы алты кездесу өткізді.
Ашық чемпионатқа 10-нан астам елден спортшылар қатысты. Қазақстанның атынан көптеген спортшылар өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл Самат Айтпанбеттің ACB лигасындағы алғашқы жеңісі, ол бұған дейін Ыстамбұлда өткен грэпплингтен (AIGA нұсқасы), Абу-Дабиде (UAEJJF) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.