Армениялық «Алашкерт» 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Алексей Родионовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Футболшы «Алашкертке» еркін агент ретінде ауысты.
Родионов кәсіби футболдағы мансабын «Астанада» бастады. Ол елордалық клуб сапында 2015-2017 жылдар аралығында өнер көрсеткенімен, негізгі құрамға іліге алмады.
2018 жылдың қаңтарында ол «Атырауға» ауысты, содан бері «мұнайшылар» үшін 81 матч өткізіп, 6 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталы оның құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.