Оберстдорфтағы «Тур де Ски» жарысының үшінші кезеңі аясында әйелдер арасындағы еркін жүріспен 10 шақырымдық масс-старт бойынша бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшылар ішінде Ксения Шалыгина мәреге 63-ші болып жетті.
Көпкүндіктің жалпы қорытындысы бойынша қазақстандық Ксения жарыс көшбасшысынан жеті минут 8 секундқа артта қалып, 64-ші орынға жайғасты.
Масс-старт. 10 км. Еркін жүріс. Әйелдер
1. Джессика Диггинс (АҚШ) - 21: 30,8
2. Фрида Карлссон (Швеция) +0,5
3. Татьяна Сорина (Ресей) +0,8
... 63. Ксения Шалыгина (Қазақстан) +2: 47,0
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.