ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық боксшы WBO атағын жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі.

Мейірім Нұрсұлтанов Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақтағы бос тұрған WBO International атағы үшін жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Алайда ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмауына байланысты жекпе-жек 5-ші раундта аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын жеңіп алды. Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы ресейлік боксшы кәсіби бокста екінші рет жеңілді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!