Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев «Тұран» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
«Команда бас бапкері Владимир Газзаев ойыншыны қаралымнан өткізеді.
Өткен маусымда Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» жейдесінде 19 матчта алаңға шығып, төрт гол соқты. Бұдан бөлек ол 2016 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді», — делінген клубтың жазбасында.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.