«Тұран» футбол клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапаловпен толықты, деп хабарлайды түркістандық клубтың баспасөз қызметі.
Тапалов өткен маусымда «Ақжайық» сапында 25 матч өткізіп, екі гол соқты.
Қазақстанда одан бөлек «Жетісу», «Каспий» және «Шахтер» клубтарының намысын қорғаған.
ҚПЛ-де 133 ойын өткізіп, төрт мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, бес нәтижелі пас берген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.