Қазақстан құрамасы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында алғашқы ойынын өткізді. Словенияға қарсы матч Гронингенде (Нидерланды) өтіп, 4:4 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда командамыз сенімсіз көрінді. 11-минутта команда капитаны Игита шабуылға қосылған сәтте қателесіп, доптан айырылды. Нәтижесінде Денис Тотошкович ашық қақпаны дәл көздеп, есеп ашты.
Көп ұзамай Альберт Ақбалықов словениялық қақпашыға қарсы ойын тәртібін бұзғаны үшін қызыл қағаз алды. Десе де, қарсылас бұл басымдықты пайдалана алмады. Ал 16-минутта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Джуниор Дуглас бұрыштама добынан кейін таразы басын теңестірді.
23-минутта Матей Фидершек те бұрыштаманы сәтті пайдаланды. Бірақ екі минуттан кейін Біржан Оразов бұл голға жауап қатты. Ойынның 31 және 33-минуттарында Жига Чех пен Тео Турк мергендік танытып, Словенияны алға шығарды. Дегенмен, 36-минутта Жомарт Тоқаев ұлттық құрамадағы дебюттік голын соқты. Матчтың бітуіне бірнеше минут қалғанда Дуглас дубль жасап, Қазақстанға бір ұпай сыйлады.
2022 жылғы Еуропа чемпионаты, топтық кезең, І-тур
Қазақстан – Словения 4:4 (1:1)
Голдар: Тотошкович 11 (0:1), Дуглас 16 (1:1), Фидершек 23 (1:2), Оразов 25 (2:2), Чех 31 (2:3), Турк 33 (2:4), Тоқаев 36 (3:4), Дуглас 39 (4:4)
Сары қағаз: Тайнан 32, Оразов 37
Қызыл қағаз: Ақбалықов 12
Қазақстан: Игита (к), Атантаев – Тайнан, Ақбалықов, Дуглас, Оразов, Қарағұлов, Эдсон, Валиуллин, Есенаманов, Тұрсағұлов, Тоқаев
Словения: Берзелак, Ловренчич – Турк, Осредкар (к), Хозян, Врховец, Ковачич, Буковец, Тотошкович, Фетич, Чех, Фидершек
Қазақстан келесі ойынды 25 қаңтарда Финляндиямен өткізеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.