Осло қаласында Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңді.
Үшінші кездесуде теннисшілер жұптық сында кортқа шықты.
Норвегиялықтар сапында Каспер Руудты 23 жастағы Симен Сунде Братхольм алмастырды. Ол Виктор Дурасовичпен бірге қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесовке қарсы тұрды.
Бірінші сетте норвегиялық жұп 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен қазақстандықтар таразы басын теңестірді. Сосын тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (12:10). Екінші сетте қазақстандық жұп тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен тәмамдады - 6:3.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандықтар 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Төртінші кездесуде Қазақстан мен Норвегияның бірінші ракеткалары Александр Бублик пен Каспер Рууд кортқа шықты.
Рууд әлемнің 8-ракеткасы болса, Бублик 32-орында еді.
Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 6:4. Екінші сетте Рууд есе қайырды - 7:5. Үшінші, шешуші партияны Бублик брейкпен бастады - 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді : 6:4.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.