Қарағандылық «Сарыарқа» чемпион атанған Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды Ligasy.kz
Үздіктер үш амплуа бойынша таңдалып, үздік қақпашы болып Никита Бояркин («Сарыарқа») танылса, үздік қорғаушы атағына «Торпедоның» ойыншысы Дмитрий Стулов лайық деп танылды. Ал Александр Борисевич («Сарыарқа») турнирдің үздік шабуылшысы атанды.
Сонымен қатар Қазақстан кубогінің ең үздік жас ойыншысы да анықталды. Бұл атаққа «Ақтөбенің» 19 жасар хоккейшісі Иван Зинченко ие болды. Иван турнирдің үш ойнына қатысып, төрт (3+1) мәрте нәтижелілігімен көзге түсті. Зинченко ProLigasy-ның да қаңтар айында үздік жас ойыншысы атанған еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.