ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан боксшылары Thailand Open турниріне қатысады

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы «Тайланд Оупен» халықаралық турниріне қатысады. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков айтты.

«Осы жылдың сәуір айында «Тайланд Оупен« маңызды халықаралық турниріне бокстан Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы қатысады. Бұл да өз кезегінде 2022 жылғы Азия ойындарына дайындық алдында тамаша тәжірибе саналады. Ерлер құрама командасының жаттықтырушылар кеңесі жас спортшылардың әлеуетін жақсарту мен тәжірибе алмасу үшін маңызды турнирлерге ұлттық құрама команданың қатысуы бойынша күнтізбелік жоспар әзірледі. Бұл 2024 жылғы Олимпиадаға дайындыққа біртіндеп жақындауға мүмкіндік береді», - деді ол Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, еліміздің бокстан қыздар құрамасы Әлем чемпионатынан кейін Қытайдың климаттық жағдайына барынша жақын Алматы облысының ең төменгі тау биіктігінде жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Одан кейін команда Қытайға, Үрімші қаласына еуропалық командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысады.

«Осы жылдың маусым айында екі құрама команданың жаттықтырушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру семинары жоспарланған. Бұл спортшылардың алдағы халықаралық іс-шараларға дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді»,- деді Маратбек Мықтыбеков.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!