Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Үлкен дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінің екінші кезеңінде сүрінді.
Бублик 1 сағат 31 минутқа жалғасқан кездесуде төрт эйс жасап, сегіз мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған төрт брейкпойнты іске асыра алмай, франциялық Гаэль Монфистен (20) жеңіліп қалды.
Гаэль Монфис (Франция) — Александр Бублик (Қазақстан) — 3:0 (6:1, 6:0, 6:4)
Естеріңізге сала кетсек, Бублик алғашқы айналымда америкалық Эрнесто Эскобедоны жеңген еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.