Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінің кезекті күнінде кортқа қазақстандық Юлия Путинцева (28) мен америкалық Слоан Стивенс (41) шығып, Путицева 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы сет 4:6 болып америкалықтың пайдасына шешілгенмен, қалған екі сетте отандасымыз сәтті өнер көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті. Осылайша 2 сағат 11 минутқа созылған текетіресте Юлия Путицева жеңімпаз атанды.
Юлия Путинцева (Қазақстан) – Слоан Стивенс (АҚШ) – 2:1 (4:6, 6:2, 6:3)
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.