«Атырау» Қырғызстан құрамасының 24 жастағы қорғаушысы Қайрат Изақовқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Kyrgyz Football басылымы.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, «Атырау» «Абдыш-Атамен» Қайрат Изақовтың трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Мұнайшылар» Ызақовты тегін алғысы келеді және болашақта «Абдыш-Атаға» ойыншының сатылымынан түскен ақшаның 30 пайызын беруге дайын. Алайда қырғызстандық клуб қорғаушысын тегін жібергісі келмей, Изақов үшін 50 000 доллар сұрауда.
Қырғызстан Премьер-лигасының өткен маусымында Қайрат Изақов 26 матч өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол сол жақ қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.