ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Атырау» клубында екі шетелдік және бір қазақстандық футболшы қаралымнан өтуде

«Атырау» клубының оқу-жаттығу жиынына үш жаңа ойыншы келіп қосылды.

26 жастағы ресейлік қорғаушы Георгий Тигиев мансабын «Динамо» және «Спартак» клубтарында бастады. Одан кейін «Кубань-2», «Торпедо» және «Анжи» командаларының ойыншысы болды. 2017 жылы мәскеулік «Спартак» «Анжиден» қорғаушыны 1 миллион еуроға сатып алды, бірақ ол мәскеулік клубтың негізгі құрамына ене алмай, «Крылья Советов» пен белоруссиялық «Динамода» жалдау шарты бойынша ойнады. 2020 жылдың жазында Тигиев «Спартак-2» командасына ауысты, ауыр жарақат алып, содан бері алаңға шықпады. Ал 2021 жылдың жазында командадан кетіп, еркін агент атанды.

27 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Тодор Петрович белградтық «Земун» клубының түлегі. Ол сербиялық «Сопот», «Вождовац», испаниялық «Херес», украиналық «Ворскла» және хорватиялық «Интер» сапында ойнаған. Петровичтің соңғы клубы «Раднички» (32 матч, 1 гол, 1 нәтижелі пас).

23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Наурызбек Жагоров «Атырау» командасының түлегі. Ол 2016 жылы Премьер-лигада негізгі дебют жасады. Одан кейін «Оқжетпес», «Ақжайық», «Екібастұз» командаларында өнер көрсетті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!