Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Астана» «Тараздан» айласын асырды. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 23-минутында Макс Эбонг жақын бұрышты дәл көздеп есеп ашты. Екі минуттан кейін «Тараз» қорғаушысы Лука Гадрани таразы басын теңестірді. Ал 67-минутта Нұрлан Дайыров өз қақпасына гол соғып алды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 5-тур
«Астана» – «Тараз» – 2:1
Голдар: Макс Эбонг 23, Нұрлан Дайыров 67 (автогол) – Лука Гадрани 24
Сары қағаз: Камо Оганесян 44
«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Абзал Бейсебеков (к), Камо Оганесян – Денис Поляков, Аслан Дарабаев, Макс Эбонг – Жереми Манзорро (Исламбек Қуат 77), Марин Томасов, Педро Эуженио (Рай Влут 70);
Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (қ) – Сағи Совет, Талғат Кусяпов, Артем Рахманов – Сұлтан Сағнаев, Юрий Перцух – Станислав Басманов, Владислав Прокопенко;
«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к), Нұрлан Дайыров, Ермек Қуантаев (Мақсат Әмірханов 56) – Милен Гамаков, Марат Шахметов (Ерсұлтан Қалдыбеков 86) – Бауыржан Байтана (Еркебұлан Тойбеков 86), Дінмұхамед Қараман (Жақып Қожамберді 72), Жорже Элиас (Абылайхан Жұмабек 72);
Қосалқы құрам: Денис Кавлинов (қ) – Жалғас Жақсылықов, Берік Айтбаев, Әділет Кеңесбек – Бектас Нұрдәулет, Алмас Сапарғалиев;
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.