ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» бразилиялық әмбебап ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы бразиялық қорғаушы Брайан Сильва Гарсиямен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Қос тарап 2022 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Брайан кәсіби мансабын бразиялық «Америка Минейродан» бастап, клуб сапында 100-ден астам ойын өткізіп, 15 гол соққан. 2013 жылы португалиялық «Бенфикаға» өтіп, клуб құрамында бір маусым ойнады.

Еуропадағы мансабы 2020 жылы армениялық «Алашкерт» клубынан басталды. Оның құрамында ел чемпионы атанып, кейін «Атыраудан» шақырту алған.

Брайан 2021 жылы «мұнайшылармен» бірге керемет маусым өткізді: 29 ойынға қатысып, бес гол соғып, төрт ассист берді. Негізінен сол жақ қорғаушысы позициясында ойнағанымен, кейде артқы вингер, шабуылшы, екінші шабуылшы, жартылай қорғаушы ретінде де алаңға шыққан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!