«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында екі түрлі құраммен бір күнде «Балтика» және «Торпедо» командаларына қарсы ойын өткізбекші, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Екі ойын да 17 ақпанға жоспарланған. Алғашқы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де ҰФЛ (ФНЛ) клубы «Балтикаға» (Калининград) қарсы өтеді. 66 жылдық тарихы бар клуб ағымдағы маусымда чемпионаттың тоғызыншы орнында тұр.
Ал кешкі 20:00-де екінші матч өтеді, бұл жолы Андрей Тихоновтың шәкірттеріне мәскеулік «Торпедо» футболшылары қарсы шығады. КСРО-ның үш дүркін чемпионы, КСРО мен Ресей Кубогінің жеті дүркін иегері. Қазіргі уақытта ҰФЛ-да жетекші орынға ие болып, Ресей Премьер-Лигасына берілер жолдамаға басты үміткерлердің бірі.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.