ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» «Қайратта» ойнаған Армения құрамасының қорғаушысымен толықты

«Астана» футбол клубы Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесянмен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Камо Оганесян футболдағы мансабын өз отанында, дәлірек айтқанда Ереванда бастаған. Қорғаушы «Пюник» құрамында екі жүзден астам матч өткізіп, 33 гол соғып, 25 нәтижелі пас беріп, екі рет Армения чемпиондығына қол жеткізген. Ал 2017 жылы «Торпедо-БелАЗ» клубына өтіп, Белорусь чемпионатында өнер көрсетті.

Талдықорғандық «Жетісуға» 2018 жылы қосылған Камоның Қазақстандағы ойыншы мансабы сол жылдан басталады. Ол «Қайрат» командасына 2020 жылы ауысып, келесі маусымда ел чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Оганесян – бесаспап ойыншы: оң қаптал қорғаушысынан бөлек, шеткі жартылай қорғаушы және оң қанаттың шабуылшысы ретінде талай алаңға шығып, орталық хавбек позициясында да бірнеше ойын өткізген», — клубтың жазбасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!