ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астана» Армения құрамасының вице-капитанын қатарға қосты

Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян «Астана» футбол клубына қабылданып, еңбек келісіміне қол қойды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Вараздат «Пюниктің» тәрбиеленушісі. «Пюник» құрамында үш рет Армения чемпионатын және бес рет ел кубогін жеңіп алған. Одан кейін «Падидех» құрамында Иран чемпионатына қатысып, ресейлік «Урал» мен «Тамбов» үшін 60 аса матчта тер төккен.

28 жастағы қорғаушы Ұлттар Лигасының алты матчының үшеуінде Армения құрамасын капитан ретінде бастап шыққан. Ұлттық құрама сапында барлығы 55 ойынға шығып, екі рет көзге түскен.

Ароян «Астана Арена» алаңында екі мәрте доп тепкен. 2014 жылы «Пюник» құрамында Еуропа лигасының квалификациясында «Астанаға», ал 2017 жылы Армения құрамасының қатарында Қазақстан құрамасына қарсы ойнаған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!