«Қайрат» ФК-ның қорғаушысы Арсен Бораншыев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Премьер-лиганың бесінші турында «Каспийге» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді.
- Матч өте ауыр және тартысқа толы болды, әсіресе соңғы минуттар.
Біз «Каспийдің» комбинациялық ойын көрсететінін және допқа иелік еткенді ұнататын команда екенін білдік. Бірақ біздің команда мінез танытып, керекті нәтижеге қол жеткізу үшін, соңғы минутқа дейін тартысты.
- Сенің алаңдағы негізгі орның жартылай қорғаушы, дегенмен қорғаушы позициясында да өзіңді жақсы қырыңнан көрсетіп жүрсің. Бөлек позицияда ойнаған қалай екен?
- Менің ойымша, қай позицияда ойнағаның маңызды емес. Ең бастысы өз командаңның жеңісі үшін үлес қосуың, септігіңді тигізуің, деп ойлаймын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.