Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дохада өтіп жатқан The Qatar ExxonMobil Open ATP 250 турнирі жұптық сынының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Бублик пен венгриялық Мартон Фучович 1 сағат 18 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, алты мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған сегіз брейкпойнттың үшеуін іске асырды.
Александр Бублик / Мартон Фучович (Қазақстан / Венгрия) — Иван Додиг / Майкл Винус (Хорватия / Жаңа Зеландия) — 2:0 (7:6 (7:4), 6:3)
Бублик пен Фучович ширек финалда қазақстандық Андрей Голубев пен франциялық Фабрис Мартенмен кездесуі мүмкін. Ол үшін Голубев пен Мартен Эванс пен Скупскиді жеңіуі тиіс.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.