«Ақтөбенің» қаралымынан өтпей қалған ресейлік жартылай шорғаушы Евгений Козлов оралдық «Ақжайықтың» қаралымына қосылды, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
26 жасар ойыншы бір апта бұрын ақтөбеліктердің қатарына қосылды және келісімшартқа қол қоюы керек еді. Алайда қаралымнан өтпей, жаңа клуб іздеуге аттанды.
Козлов «Зенит-2», «Спартак Юрмала», «Шахтер Солигорск», «Динамо Санкт-Петербург» және «Вентспилс» сынды клубтарда доп тепкен.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.