«Ақтөбе» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынында қаралымда болған ойыншылар туралы ресми мәлімдеме жасады.
«Ақтөбе» қосынында Қазақстан жастар құрамасының 21 жасар жартылай қорғаушысы Дмитрий Бачек, Армения құрамасының ойыншысы Соломон Удо, ресейлік қорғаушы Антон Бочаров және ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу қаралымнан өткен еді.
Украиналық «Полесье» мен «Заря» ұжымдарына қарсы кездесуде Удо, Бочаров және Бачек ойынға араласса, Гоудың физикалық дайындығы бапкерлік штабтың көңілінен шықпады. Төрт ойыншыға да «Ақтөбе» келісімшарт ұсынбайтын болды», — делінген клубтың жазбасында.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.