«Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғамет және қорғаушы Ардақ Сәулетпен келісімшартты ұзартпау туралы келісімге келді, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Рифат соңғы екі маусымды «Ақтөбеде» өткізіп, 30 матчта бес гол салды және екі ассист жасады. Ал Ардақ болса, бес маусым бойы «Ақтөбе» намысын қорғап, 60 кездесуде төрт рет мергендігімен көзге түсіп, бес нәтижелі пас берді. Былтырғы біріншілік барысында Сәулет оралдық «Ақжайыққа» жалға да берілген еді.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Ақтөбеден» Дидар Жалмұқан, Жасур Нәрзіқұлов, Сергей Ревякин, Максим Федин, Еркебұлан Нұрғалиев, Дидар Жалмұқан, Тонго Думбия, Эрвейн Мукам, Юрий Перцух, Антон Шурыгин, Игорь Зенькович, Дмитрий Коркишко, Никита Лактионов, Михал Йерабек, Олег Чернышов және Есен Жасанов кеткен еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.