«Ақтөбе» футбол клубы 26 жасар хорватиялық жартылай қорғаушы Мате Црнчевичпен толықты, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі,
Меткович қаласының тумасы өз отанындағы «Драговоляц», «Цибалия» және загребтік «Динамоның» құрамында доп теуіп, 81 ойында бес гол соғып, үш голдық пас берген. Соңғы маусымды Босния және Герцеговинаның жоғары біріншілігінде өнер көрсететін «Железничар» сапында өткізді.
Бойы 1,85 метрді құрайтын Црнчевич жартылай қорғаныстың тірек аймағында ойнайды. Әртүрлі жас деңгейінде Хорватия құрамасының намысын қорғаған. «Цибалия» клубымен бірге Хорватияның Екінші лигасында топ жарған.
Қос тарап 2022 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.