Бейжің Олимпиадасында қазақстандық могулшылар алғашқы іріктеу кезеңін өткізді. Жарысты алдымен әйелдер бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші іріктеу кезеңінен соң финалға шығу мүмкін болмады. Отандық могулшылар алғашқы ондық қатарына ене алмады. Аяулым Әміренова 16, Олеся Граур 23-ші орында. Анастасия Городко жарыс жолынан шығып кеткендіктен, финалға өте алмады. Енді олар 6 ақпан күні өтетін екінші іріктеу сынына қатысады.
«Бірінші трамплиннен секірген соң қате жібердім. Десе де, бәрі жаман деп айта алмаймын. Олимпиада мерекесі сезіліп тұр, көңіл-күйім жақсы», — деді Олеся Граур.
«Бүгінгі көрсеткішім жаман емес. Бірақ бұдан да жақсы нәтиже көрсететін мүмкіндік бар еді. Әлі берілмейміз, екінші кезең бар», — дейді Аяулым Әміренова.
«Қобалжу болған сияқты. Секіру де, басқасы да ойдағыдай шыққан жоқ», — деді Анастасия Городко.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.