Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы капитаны қостанайлық «Тобыл» командасының оқу-жаттығу жиындарына барады. Бұл жайында клуб директоры Николай Панин мәлімдеді.
Естеріңізде болса, Асхат «Тобыл» сапында 2017 жылдың наурызынан маусым айына дейін ойнаған.
30 жасар жартылай қорғаушы өткен маусымда «Қайсар» сапында ел чемпионатында 13 матчқа қатысып 4 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанған. Сонымен қатар маусым қорытындысы бойынша символикалық құрамға кірген.
Көрермендер арасында өткен дауыс беру бойынша анықталған «жылдың үздік голы» да осы ойыншыға тиесілі. Асхат Тағыберген қазір еркін агент ретінде клубсыз жүр.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.