Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы жиын барысында кезекті жолдастық кездесуін даниялық «Ишой» командасына қарсы өткізді.
Бұл кездесуде Әбілдаев бапкер қаралымда жүрген бірнеше футболшының әлеуетін байқап көрді. Жан алысып, жан беріскен кездесуде даниялықтар бір гол соғып, 0:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді «қасқырлар» 11 наурызда Швеция Суперлигасында бақ сынайтын «Эстерсундпен» шеберлік байқасады.
«Қайсар»: Калмыков (Салайдын), Сарбай (Төлегенов), Лаша (Камбил), Горизанов (Бауыржан), Сахалбаев (Байжанов), Сламбеков (Құрманбекұлы), Ануарбеков (Сейтов), Алтынбеков (Махан), Құлмағанбетов, Әбілқасов.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.