Шағын футболдан Қазақстан Чемпионаты аясында Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» ШФК алматылық «Қайрат АФК»-ын қабылдады. Есеп қонақтардың пайдасына 1-8.
Көкшетаулық командадан Тайкенов көзге түсті, қонақтар сапында Эдсон, Өмірбаев, Ранжел дубль авторлары атанса, Төлеубеков пен Пиалы бір голдан салды.
Кака бұл матчта «Қайраттың» жастарына мүмкіндік берді. Осылайша, алматылықтар екінші құраммен алаң иелерін ірі есеппен ұтты. Бұл жеңіс Каканың командасын ел чемпионатының жеңімпазы атануға біртабан жақындатты.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.