Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов мемлекеттік сыйлыққа ие болмауына және министрліктің құттықтауға да жарымағанына қатысты пікір білдірді.
«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, наурыз мейрамына орай, Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан, белсенді қоғамдық қызметкерлерді және тағы сол сияқты ерең еңбектері үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
«Сол тізімде неге сен жоқсың?» сынды сұрақтарды біраз адамдардан алып жатырмын. «Қай ата-бабаң Еурода сұрмерген атанды?» деген пікірлер де келіп жатыр.
«Еуропаның ең үздік сұрмергені» атағын алғалы, мемлекет тарапынан ҚР мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ешқандай құттықтау, тым болмағанда алғыс хат болған жоқ.
Шындап келгенде,бұл марапаттар маңызды емес. Маңыздысы – менің халқымның қолдауы, елімнің атынан паркетке шыққанда тақымын қысып бізге қолдау көрсеткені. Халқымның ықыласы қадірі кеткен медальдан артық!
Дегенмен осындай дәрежеде ойын көрсетіп, Еуропа, әлем деңгейінде нәтиже көрсетіп жатқан спорт түрін неге қолдамасқа? Бұл жанып келе жатқан жаңа буынға үлкен ынта болар еді!», – деп жазды Оразов инстаграм парақшасында.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.