ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Жәмилә Бақбергенова: Қырғыздар жеңілсе де, балуандарын жарысқа жібереді, ал бізде екіншіге мүмкіндік бермейді

Осыдан екі апта бұрын Ослотатамиінде жүлде алған Жәмилә Бақбергенова елордаға келген екен. Meta-ratings.kz тілшісі спортшымен кездесіп, сұхбаттасты. Әлемнің вице-чемпионы алдағы уақытта72 келіде емес, басқа салмақта күресуге шешім қабылдаған. Өйткені бұл салмақОлимпиада бағдарламасына енбеген.

Жәмила

– Жәмилә, әлем чемпионатынанкейін салмақ ауыстыруға шешім қабылдапсыз?

– Алдымызда жазғы Азия ойындары келе жатыр. Одан кейін Париждегі Олимпиадаойындары бар.Сондықтан Олимпиадабағдарламасына енген салмаққа ауысамын.Бұл жөнінде жеке бапкерімізбен ақылдасамын.

– Сонда қай салмақта өнеркөрсеткіңіз келеді?

– Бес ай бұрын 68 келіде Қазақстан чемпионы атанғанмын. Сол салмақта бақсынайтын шығармын. Егер оған ауырлау болсам, амал жоқ 76 келіге күресуге туракеледі. Бірақ бұл салмақта халықаралық жарыстарға қатысып көрмегенмін. Оныңүстіне салмағым да жетпейді.

– Ослодағы әлем чемпионатынадайындық қалай жүргізілді?

– Ресейдің Сочи қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Екі апта көрші елдіңқұрамасымен бірге жаттығып,сол жақтанНорвегия аттандық.

– Норвегия татамиінде тек үшкездесу өткіздіңіз. Мұны себе неде?

– Әлем чемпионатына қатысушылар саны жеткілікті деңгейде болды. Бұған дейінхалықаралық жарыстарда күресіп, біраз ұпай жинағанмын. Сондықтан рейтингімжоғары болғандықтан жарысты бірден ширек финалдан бастадым. Украиналық балуанекеуіміз алғашқы айналымда бос қалдық.

Жәмила

– Ең қиын кездесу деп қайсысынайтасыз?

– Әлемчемпионатында алдымен Синтия Ванесса Вескан аттыфранцуз қызымен кездестім. Осы белдесу қиынға соқты. Тіпті, 2:10 есебіменұтылып жатып, таразы басын теңестірдім. Соңғы әдісті мен жасаған соң, жеңісмаған берілді.

– Алтын алуға не жетіспеді?

– Финалда Масако Фуричимен кездестім. Өте жақсы балуан. Бұлқыздан осымен төртінші рет әлем чемпионатында жеңілдім. Бір рет Иван Ярыгинтурнирінде менің бағым жанған. Осыжолы қорғаныста жүріп алдым, шабуылға шықпаған соң есе жібердім деп ойлаймын.Финалда бапкерлерімнің құрған тактикасын орындамадым.

Елімізде алтын болмаған соң, қаттыжеңіске жеткім келді. Телефонымды бәрін сөндіріп тастап, тек күрес туралыойладым. Бұйырмаған болар, күмістіқанағат тұтуға тура келді.

Жәмила

– Соңғы жылдары әлемчемпионатының финалы келесі күні өтіп жатыр. Осыған көзқарасыңыз қандай?

– Маған барлығын бір күнде бітіріп тасаған ыңғайлы. Эмоцияның бәрі кетіпқалады. Финалдың сол күні бірден өткені дұрыс деп санаймын.

– Жеке бапкеріңіз чемпионаттақасыңыздан табыла алмаған екен?

– Бір кездері ұлттық құрамада бас бапкер болған Қайрат Сағадиевтіңқарамағында жаттығамын. Бірақ карантин кезінде ұлттық құраманың оқу-жаттығужиындарына жеке бапкерлерді көп жақындатқан жоқ. Оның үстіне, кейінгі кездері ағайымызауырып, соңғы жарысқа бара алмады. Ослодан келгелі әлі кездескен жоқпыз.Өйткені әлі күнге ауырып жатыр. Осы чемпионатқа бас бапкер Нұрлан Аманқосов өзідайындады.

Жәмила

– Ауыр салмақтарда елдебәсекелестік жоқ. Осы жағдай қаншалықты қиындық тудырады?

– Шыны керек, ауыр салмақтарда бәсекелестік аз екені рас. Бірақ РиоОлимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықовамен маған пайдасы көп тиеді.Екеуіміз бірге спаррингтік кездесулер өткіземіз.

– Федерацияның вице-президентіГюзель Манюрова алдағы уақытта ұлттық құрама мен жастар бірге жаттығады депеді...

– Жастардан бізге Нилуфар Раимова келіп жаттыққан. Өздеріңіз көрдіңіздер,жастар арасында әлем чемпионы атанды. Әзірге 2-3 спортшы келіп бірге жаттығыпжүр.

– Сыңарыңыз Мәдинаның тұрмысқашыққанан хабарымыз бар. Осымен күресті қойды ма?

– Ол қайтадан бозкілемге оралып жатыр. Сондықтан елордаға Мәдина үшін келдім.Екеуіміз бірге жаттығамыз.

Мәдина

– Алматы облысының намысынқорғайсыз. Бұл өңірдің спортын бұрынғы балуан Нұрбақыт Теңізбаев басқарады. Олимпиадажүлдегері өзінің ізбасарларына қаншалықты қолдау көрсетеді?

– Алматы облысының атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген қыздарданекі балуан бармыз. Менен бөлек, Азия чемпионатының күміс жүлдегері АяулымҚасымова өнер көрсетеді. Қалған қыздардың көбісі декреттік демалыста. Сондықтанекеуімізге қолдау көрсетіп тұрады.

– Токио Олиимпиадасындағысәтсіздіктен кейін қыздардың басын қосып, жиын өткізгендер бар ма?

– Ондай ешқандай жиын өткен жоқ. Негізі қыздар Жапонияға жақсы дайындықпенбарған еді. Оқу-жаттығу жиындарында екі есе күш салып дайындалғанын көрдік.Мүмкін, жергілікті ауа-райына дұрыс бейімделе алмаған болар. Мысалы, ЭльмираСыздықова бірден жарыс алдында ұшты.

Сосын бірден таудан түскен бетте Токиоға аттанып кетті. Мұның өз керіәсерін тигізгені анық деп ойлаймын.

– Қырғызстанның күресі туралыбәрі айтып жатыр. Ослода өте нәтижелі көрсетті. Екі балуаны бірдей әлемчемпионы атанды. Көршілеріміздің жеңісінің сыры неде?

– Екі дүркін чемпион атанған Айсұлу Тыныбекова бұрыннан күресіп келе жатқанқыз. Үш рет Олимпиадаға қатысты. Олардың қыздары ұлдармен жаттығады. Сосынжеңілсе де, жарыстан қалдырмайды. Бізде бір-екі рет халықаралық додалардан боскелсең, келесі де апармайды. Күресе алмайды деп ойлайды. Қырғыз балуандарынабасшылары сенім артты. Басында қаншама рет жеңіліп жүрді. Соның бәрі тәжірибе,өз пайдасын тигізді. Енді, міне, нәтижесін беріп жатыр.

Бізде халықаралық турнирден жеңілсең, үйкүшік балуан деп шыға келеді.Сонымен қатар әйелдер күресіне арналған елімізде турнирлер тым аз. Қазақстанчемпионатынан бөлек, Нұркен Әбдіров пен Зылиха Тамшыбаева атындағы жарыс бар.Сонымен бітті. Жас балуандардың өздерін көрсетуге мүмкіндік тым аз.

– Допингке қатысты бақылау өтеқатты. Өзіңіз осы жағынан қалай қорғанасыз?

– Әрине, допингті қатты тексереді. Ішетін суымызды ұстап жүреміз. Ешкімгебермейміз. Кез келген нәрсені қосып жіберуі мүмкін. Бала кезімізден әкеміз суішетін құтың жеке болсын деп бала кезден үйреткен. Соған әбден дағдыланыпалғанбыз. Сақтанып жүреміз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте