Кәсіпқой бокстан орта салмақдәрежесі бойынша IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ГеннадийГоловкин 29 желтоқсанда WBA нұсқасы бойынша әлемнің супер чемпионыжапониялық Риота Муратамен кездеседі. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі биылғыжылдың соңғы маңызды жекпе-жегіне шолу жасап көрмек.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жарты жылдан кейін 40 жасқа толады. Сондықтан кейінгі кездері ол бұрынғыдай жылына 3-4 жекпе-жек өткізуді азайтты. Оның үстіне, пандемия да кәсіпқой бокс кештеріне зиянын тигізгені жасырын емес. Головкин соңғы рет рингке 2020 жылдың 19 желтоқсанында шықты. АҚШ-тың Холливуд (Флорида штаты) қаласында поляк Камила Шереметаны техникалық нокаутпен ұтқан.
Осымен екінші жыл қатарынан отандасымыз жаңа жыл қарсаңында өнерімен жанкүйерлерін қуантуға тырыспақ. Сосын бұл жекпе-жек Жапонияда өтеді. Соңғы рет Головкин Азия құрлығында 2010 жылы жұдырықтасқан. Елордада ол колумбиялық Нильсон Хулио Тапияны нокаутпен жеңген. Одан кейін Панама, Германия, Украина, АҚШ, Монако, Ұлыбритания елдерінде кездесу өткізді.
Енді алғаш рет Күншығыс елінде жұдырықтасады. Жепе-жекті жанкүйерлер Сайтамадағы Супер аренадан тамашалай алады.
Головкин DAZN стримингтік қызметімен үш жылдық келісімшартқа отырғаныбелгілі. Сондықтан осы ұйымның мақұлдауы қажет болды. Олар ресми түрде келісімберген соң,жекпе-жектің өтетіні жайлы хабарланды.
Жапониядағы жалпы бокстың деңгейін Америкамен салыстыра алмайсың. Оныңүстіне, мұндай жоғары деңгейдегі кәсіпқой бокс кештері жиі өте бермейді.Сондықтан отандастарының әлемдік деңгейдегі жұлдыз Геннадий Головкинменкездесуін ерекше тағатсыздана күтетіндері анық. Қымбат билеттер өтіп,боксшылардың қалтасын қалыңдатуы мүмкін.
«Жапонияға Big Drama Show әкелгеніме қуаныштымын. Риота Мурата нағыз чемпион. Біз титулдарымызды біріктіру үшін рингте кездесеміз. Бұл ерекше кеш болмақ. Жанкүйерлердің айызын қандыратын жекпе-жек сыйлаймыз», – деді Геннадий Головкин.
Ұзақ күткен жекпе-жек
Головкин мен Рета Мурата екеуінің шаршы алаңда жолдары тиісу мүмкін екеніалғаш 2017 жылы айтыла басталды. Бірақ сол тұста жапон боксшысы екі рет жеңілістапты. Алдымен, 2017 жылы мамыр айында ол франциялық Хассан Н’Дам Н’Жикамға есе жіберді.Екеуі бос тұрған WBA титулына таласқан. Арада бес ай өткенде қайта кездесіп,бұл жолы Муратаның бағы жанды. Жетінші раундтан кейін Н’Жикам кездесудіжалғастырудан бас тартып, титулынан айырылды. Сөйтіп, орта салмақтағы WBAбелбеуіне өзіне алды. Осы кездесуден соң жапониялық Генамен жолыққысы келетінінхабарлады.
«Жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңғалдым. Алайда оның жағдайды түсініп, тезірек аяқтағысы келгенін түсіндім. Екеуміз де шаршап қалдық. Сол себепті, ерте біткені де дұрыс болды. Бокссүйер қауым орта салмақта менен мықты чемпион бар екенін біледі. Головкин жайлы айтып отырмын. Оны жеңу үшін барымды саламын», – деді Мурата кездесуден кейін.
Сосын келесі жылы күтпеген жерден Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) Park Theaterойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде америкалық Роб Брантке (23-1, 16 КО)есе жіберді.
Бір жақсысы,Мурата реваншқа жақсы дайындықпен келеді. Брантпен 2019 жылы екінші реткездесіп, бұл жолы жеңісті жұлып алды. Содан кейін желтоқсан айында кандалықСтивен Батлердің осал тұсын тапқан. Алайда екі жылдан бері ресми түрде шаршыалаңға жоқ.
Мурата деген кім?
Рета Мурата 1986 жылдың 12 қаңтарында Жапонияның Нара қаласында дүниеге келген. Әуесқой бокстағы алғашқы халықаралық жүлдесіне 2005 жылы қол жеткізеді. Вьетнамның Хошимин қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль еншілейді. 2006 жылы Катар астанасы Дохада өткен Азия ойындарында Бақтияр Артаевтан ұтылған.
Қазақстанға екі рет келген. Ең алғаш 2008 жылы астанадағы Бейжің Олимпиадасының іріктеу турниріне қатысқан. Ол кезде ширек финалда жеңіліс тауып, жолдамадан қағылады. Сосын арада 2 жыл өткенде Президент кубогында бақ сынаған. Мұнда Данабек Сужановқа шамасы жетпеді. Айтпақашы, екеуі де сосын 2012 жылы Лондон Олимпиадасында өнер көрсеткен.
Муратаның бағы2011 жылы Бакуде әлем чемпионатында жаңды. Бастапқы кезеңдердің біріндеөзбекстандық екі дүркін әлем чемпионы Аббос Атоевты жеңіп, нағыз сенсацияжасайды. Сөйтіп, финалға дейін қарсыластарының барлығынан басым түседі. Текшешуші кезеңде украиналық Евгений Хитровтің осал тұсын таба алмай, күмісмедальды қанағат тұтады.
Ал ЛондонОлимпиадасында жапон боксшысының топ жаратына аса көп ешкім сенген жоқ. Бұлсалмақта украиналық Евгений Хитров пен өзбекстандық Аббос Атоев фаворитсаналған. Жартылай финалда өзбек боксшысымен тағы кездесті. Атоев есепте алдакеле жатқанымен, тәртіп бұзып, төрешілер екі ұпайын алып қояды. Соның арқасындаМурата 13:12 есебімен жеңіске жетеді. Финалда бразилиялық боксшыны ұтып, 48жылдан кейін Күншығыс еліне бокстан Олимпиаданың алтыны сыйлады.
Кәсіпқойбокста жалпы саны 16 жекпе-жек өткізген. Жоғарыда айтқан екі жеңілістенбасқасының бәрін өз пайдасына шешкен. Оның кәсіпқой бокстағы мәселесімен TopRank промоутерлік компаниясы айналысады. Бірақ Мурата көбінесе жекпе-жектерінөз елінде өткізеді. АҚШ нарығында танымалдығы аса мәз емес. Үш рет ғанаАмерикада жұдырықтасқан.
Есесіне,өз елінде атақ-дәрежесі жоғары. Жанкүйерлері де жетерлік. Түрлі жарнамаларғатүседі. Медиа тұлғаға айналған.
Головкиннің спарринг-қарсыласы болған
Ретебұрынғы жылдары Геннадий Головкиннің маңызды жекпе-жектері алдында спаррингқарсыласы болған.
«Мурата екеуіміз шынымен де спарринг кездесулер өткізгенбіз. Спорттық карьерамыздың әрбір кезеңінде белгілі бір қиындықтарға тап боламыз. Сосын жаңаша ашыламыз. Бірақ одан тәжірибе жинақтайтынымыз анық. Бұл жолы екі команданың да керемет жоспары болары сөзсіз. Коронавирус өте қатты әсер етті. Барлық отбасылар үшін оңай болмады. Бізде өзге қарапайым отбасылар сияқты осы қиындықты сезіндік. Барлығымыз бір жағдайдамыз. Енді жекпе-жек қалай болатынын көреміз. Әйтеуір, қабілетімізден айырылып қалмаған шығармыз деп үміттенемін. Сондықтан жанкүйерлерді керемет кездесу күтіп тұр деп сенемін», – деді Геннадий Головкин.
Үшінші рет жапон боксшымен жолығады
Отандасымызкәсіпқой рингте бұған дейін екі мәрте жапониялық боксшылармен кездескен.
Еңалғаш 2012 жылы мамырда WBA және IBO тұжымдары бойынша әлем чемпионы атанған Головкин МакотоФучигамимен (23-12, 14 КО) жолығады. Украинада өткен жекпе-жек мерзімінен бұрынаяқталады. Үшінші раундта техникалық нокаут тіркелді.
Одан соң, 2013 жылы наурыз айында Монакода отандасымыз WBA және IBO тұжымдары бойынша белбеуін кезекті рет қорғады. Бұл жолы ол тағы бір жапон боксшысы Нобухиро Ишидамен (27-11-2, 11 КО) кездесті. Бұл жолы да жекпе-жек үшінші раундтан әрі асқан жоқ.