ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Тобыл» араға 11 жыл салып Чемпиондар лигасына оралып, жорығын күтпеген нәтижемен бастады

1 комментарий

«Тобыл» араға 11 жыл салып Чемпиондар лигасына оралып, өз алаңында венгриялық «Ференцварош» клубымен тең (0:0) тарқасты. Осы орайда матчқа шолу жасап, азды-кем деректермен бөлісуді жөн деп шештік.

Тобыл – Ференцварош

Алдымен, «Тобылдың» 11 жыл бұрынғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жорығына тоқталсақ. Қостанайлықтар братиславалық «Слованмен» күш сынасып, өз алаңындағы бірінші ойында 1:1 есебімен тең тарқасса, қонақтағы қарымта матчта 2:0 есебімен жеңіліс тапқан еді. Сөйтіп турнир басталмай жатып жарыс жолынан шығып қалған. Көп күттірген 2022/23 жылғы маусымды да тең есеппен бастады.

Қостанайлықтар қағаз жүзінде фаворит болған «Ференцвароштан» еш қаймықпай ойнады. Толықтай қорғанысқа жатып алмай, қарсыласқа да айтарлықтай қауіп төндірді. Кездесуде 100%-дық гол болуы тиіс дейтіндей аса қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. Алайда алғашқы таймдағы Мокиннің бірінен соң бірін жасаған қос сейвін атап өтпеске болмайды. Ақсақал қақпашымыз «Фрадидің» Чемпиондар лигасындағы (Чемпиондар кубогі) 100-ші голын соқпауына барынша тырысып бақты.

Сонымен қатар бірінші 45 минуттағы ең қызықты сәттердің бірі ретінде қос команда ойыншылары арасындағы жанжал тіркелді. Тайм аяқталар шақта «Ференцварош» футболшысы Франк Боли қарсыласты итеріп, бұл сәт төрешінің назарынан тыс қалды. Бірақ Бағдат Қайыров есесін жібермей, Болимен жағаласа кетті. Осыдан кейін бұл келіспеушілікке аяқдопшылардың басым көпшілігі араласып, арты үлкен дауға ұласа жаздады. Абырой болғанда, бұл оқиға тек Боли мен Қайыровтың сары қағаз алуымен аяқталды.

Екінші таймда «Тобыл» алғашқысына қарағанда көбірек шабуылдады. Алайда одан мандыған дүние шыға қойған жоқ. Ең қауіпті сәт ретінде Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен соққысын айтуға болады.

Жалпы «Ференцвароштың» нәтижелілігі төмен болды демесеңіз, командалық ойыны қарымта матчта қостанайлықтарға үлкен қиындық туғызатынын көрсетті. Ал «Тобыл» бір-бірімен пас алмасуда қателесіп, тез арада шешім қабылдай алмайтындарымен және қақпаға дәл соққы жасай алмайтындарымен көзге түсті. Жақсы өнер көрсетті деп түртіп алғандарымыздың қатарында Мокин, Бриджидо һәм Тошич бар. Екінші таймда алаңға шыққан команданың жаңа ойыншысы Мильян Вукадиновичке әлі үйренісу керектігі байқалды.

Тобыл – Ференцварош

Екі команданың да бір-бірінен асып түскені шамалы болғандықтан тең нәтиже лайықты тіркелгендей. Черчесов пен Миланович те таңдай қақтыратындай тактикаларымен көзге түспеді. Станислав мырза бар күшін көрсетпей, қарымта ойынға энергия сақтап қалуды қалағандай сыңай танытты.

«Тобыл» футболшылары қарсылас қақпасына көбірек соққы жасады — 15-10 (дәл соққылар – 3-2, 6-6 – қақпадан қиыс кеткендер, 6-2 — бұғатталғандар). «Ференцварош» бұрыштама бойынша алда болды – 7-4. Ереже бұзу бойынша есеп тең — 12-12, ал сары қағаз бойынша венгриялық команданың аяқдопшылары басым түсті — 3-2.

Қостанайлық жанкүйерлердің Чемпиондар лигасын сағынып қалғаны көрінді. Не дегенмен 11 жыл бойы бұл өңірде мұндай думан болмады. Ойынның билеттері сатылымға шыға салысымен таласа-тармаса алып, кассада билет қалдырмады. Осыдан кейін «Ференцварош» жанкүйерлерінің келмейтіні белгілі болып, қонақтардың секторына тиесілі билеттер сатылымға қойылды. Олар да бірер сағаттың ішінде дүкен сөрелеріне жаңа шыққан қанттай лезде таланып кетті. Осылайша «Орталық» стадионның барлық 10 500 орны бос болмады. Одан бөлек алаң жиегінде 90 минут бойы тікеден тік тұрғандар да болды. Жалпы «Тобылға» жанкүйерлері венгриялықтар елдеріне айтып барарлықтай жақсы қолдау көрсетті.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович нәтижеге көңілі толатынын айтты.

«Жанкүйерлерге көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Ойын туралы айтатын болсақ, гол соқпағанымыз өкінішті. Бірінші таймның алғашқы 20-25 минутында өте жақсы ойнадық, екінші таймды да жақсы бастадық. Соңғы сәттерде де гол соғуға болатын сәттеріміз болды. Қарсылас мықты болғандықтан, нәтижеге көңілім толады. «Ференцварошта» легионерлер көп және олар футболды жақсы ойнайды. Бұл тек «бірінші тайм» болды, ал «екіншісі» Будапеште өтеді. Оларға алаңнын ортасын тағы да сенімді жабуға, сонымен қатар қауіпті сәттер жасуеа тырысамыз. Келесі ойынға дайындалу үшін жақсы талдау жасаймыз деп үміттенемін».

Милан Миланович

Ал Ресей ұлттық құрамасының экс-бапкері Станислав Черчесов мырза қиындық тудырғар тұстарын жасырып қалды.

«Біз ауыр матчқа дайындалдық және солай болды да. Біз алаңда қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ нәтиже осындай. Бұл тең ойын болды, біздің де, қарсыласымыздың да мүмкіндігі болды. Мен қазір айтқым келмейтін қиындықтар болды, біз оларды өзара талқылауымыз керек».

Станислав Черчесов

Тобыл – Ференцварош

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 13 шілде күні Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Егер қостанайлық ұжым келесі кезеңге өтер болса, «Слован» (Словакия) – «Динамо» (Батуми, Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал сәтсіздікке ұшырап, жеңіліп қалса, Конференция лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымында «Шкупи» (Македония) – «Линькольн Ред Импс» (Гибралтар) (алғашқы ойын есебі – 3:0) жұбының жеңілгенімен күш сынасады.

Фото: «Ференцварош» ФК, «Тобыл» ФК

Комментарии (1)
Девушки в спорте