ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстан құрамасы Тәжікстан қақпашысының арқасында көптен күткен жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» өткен жолдастық кездесуде Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі аталмыш матч жайлы сөз қозғамақ.

Қазақстан

Бұл жолдастық матч болғанымен, біздің жігіттер үшін және бас бапкер үшін жеңіске жету өте маңызды болды. Бірақ Талғат Байсуфинов әдетінен танбай, негізгі құрамға өзгерістер енгізді. Франциямен болған матчтағы құрамнан Исламбек Қуат қана бүгінгі ойынға алғашқы минуттан бастап шықты. Одан бөлек, бас бапкер Әлібек Қасым мен Сұлтанбек Астановқа да сенім артты. Бұған дейін ұлттық құрамаға шақырту алғанымен, қос футболшы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бірде-бір ойынға қатыспаған еді. Қасым Солтүстік Македониямен болған жолдастық матчта қосалқы құрамнан шығып, 17 минут қана ойнады. Әлібектің биылғы маусымның басты жаңалығына айналып, жеті бірдей гол соққанын ескерсек, негізгі құрамға ілігуге әбден лайық болды.

Ең басты өзгеріс ретінде Астанов пен Васильевтің латераль қорғаушы болып шыққанын айтуға болады. Тәжірибиелі жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев пен «Ротор» шабуылшысы Алексей Щеткинге де негізгі құрамнан орын табылды.

Негізгі құрам

Ойын бастала салысымен қос команда гол соғуға асықты.12-минутта Тәжікстан құрамасының қақпашысы Шохрух Киргизбоевтың қателігіненкейін Бақтиер Зайнутдинов ашық қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Бұл Бақтиердің ұлттық құрама жейдесіндегі тоғызыншы голы болды. Жігіттер бұлголды жақында ғана дүние есігін ашқан Асхат Тағыбергеннің қызына арнады.

Зайнутдинов

Тәжікстан жауапты голды соғу үшін шабуылға лап қойды.Кездесудің 20-минутында Бахадан допты тартып алған команда капитаны ӘлішерДжалилов қауіпті соққы жасады. Бірақ Игорь Шацкий өз орнынан табылды. Ал 30-минуттаЗайнутдинов осы қателігін түзеп, есепті еселейтін мүмкіндікке ие болды. Бірақ оның тепкен добы қақпабағанынан кері серпілді.

Екінші тайм бастала салысымен қонақ командаИгорь Шацкийді мазалай бастады. 52-минутта тәжікстандық ойыншылар осыматчтағы ең қауіпті шабуылын ұйымдастырды. Бірақ капитанның қақпаға бағыттағансоққысы өз ойыншысына тиіп кетті. Ойынның 60-минутында Талғат Маруаұлы ИсламбекҚуаттың орнына Бауыржан Байтананы шығарып, шабуыл шебін күшейтті. Қосалқықұрамнан шыққан Еркін Тапалов пен Абат Айымбетов те ойынға қан жүгірткендей болды. Санаулысекундтардан кейін Тәжікстан қақпасының маңында Зайнутдиновқа қарсы ойынтәртібі бұзылып еді. Бірақ VAR болмағандықтан, төреші мұны пенальти депесептемеді.

Зайнутдинов

Матчтың 84-минутында алаңдағы ойыншылардың жүйкесі сыр беріп, қақтығысқа түсті. Бірақ төреші дер кезінде араласып, Әлібек пен қарсыластың екі ойыншысына ескерту қағазын көрсетті. Ойын соңы тартысқа толы бола қойған жоқ. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1:0 есебін сақтап қалды.

Дарабаев

Жарты жылдан бері бас бапкерсіз жүрген қарсыласымызАзиядағы футбол деңгейінің бізбен тең дәрежеде екенін көрсетті. Бұл реттеТәжікстан құрамасының Азиядағы ортаңқол команда екенін де айта кеткен жөн. Бірақ бүгінгі матчта біздің жігіттерді әжептеуір әуре-сарсаңға салды. Тәжікстандық ойыншылар жақсы ойланып, өте шапшаң қимылдайды екен. Әсіресе, қос қапталдан жасаған шабуылдары қауіпті шықты. Ірі жеңілістен кейін жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшін салған жерлестеріміздің бір голдан артыққа шамасы келмеді. Сол голдың өзін Тәжікстан қақпашысы сыйға тартты...

Ұлттық құрамамыз соңғы рет өткен жылдың 4-қыркүйегіндесырт алаңда Михал Билектің жетекшілігімен Литвадан басым түскен еді. Содан кейінгі 15 матчта жeңістің не екенін білмеді. Ал «Астана Аренада» жанкүйерлердің жеңісті тойламағанына екі жылдың жүзі болды. Еліміздің басты командасы соңғы рет өз алаңымызда 2019 жылы Сан-Мариноны (4:0) тізе бүктірген болатын. Не десек те, араға 438 күнсалып Қазақстан құрамасы Талғат Маруаұлының басшылығымен жолдастық ойындажеңіске жетіп, 2021 жылды оңтайлы нәтижемен тәмамдады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте