ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Тұрақтылық жоқ команда. Қарағандының «Шахтері» тағы да құрамын жаңартып жатыр

Күн сайын Қарағандының «Шахтер» клубы сапында ойыншылар кетіп жатқанын естіп жатырмыз. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі «кеншілер» клубындағы мәселеге үңіліп көрмек.

Шахтер Қарағанды

Осыдан 10 жыл бұрын «Шахтер» еліміздегі ең үздік команда болатын. Мысалы, 2011 және 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Одан кейін отандық командалар арасынан алғаш болып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Сосын ел кубогын жеңіп алды. Ал қазір «Шахтер» жылда топырлатып легионер жинайтын, бірақ ол ойыншылары бір маусымның толық ойнамай жатады. Әйтеуір, құрамы жиі ауысатын тұрақсыз клубқа айналды.

Өткен 2021 жылғы Қазақстан премьер-лигасында ең легионері көп команда осы «Шахтер» болды. «Кеншілер» сапында 26 турда 23 легионер алаңға шыққан екен. Мысалы, чемпион атанған «Тобылдан» 13 легионерге көп.

Сол легионерлердің жартысы маусым ортасындағы трансферде кетсе, енді қалғаны осы күндері Қарағандыдан құжаттары мен шабадандарын алып тайып тұруда.

Биыл жазда командаға қосылған легионердің бірі – беларус шабуылшысы Евгений Шикавка болатын. Ол Қарағандыға Минскінің «Динамо» клубынан келді. Жарты жылда барлық турнирде 15 ойын өткізіп, 2 голмен шектелді. Сырттан келген легионер үшін өте төмен көрсеткіш.

Шахтер Қарағанды

Оңтүстік Осетияда туған Михаил Бақаев қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. 2014-2017 жылдары Алматының «Қайрат» клубында ойнаған. Одан кейінгі үш жыл Ресейдің бірінші лигасында жүрді. Ал 2020 жылы «Шахтер» қатарына қосып алды. Бақаевтың Қазақстанға екінші рет келуі аса сәтті бола қойған жоқ. «Қайраттағы» ойынымен салыстырғанда өте төмен ойнады. Көрсеткіші де мәз емес. Өткен маусымда 15 кездесуге қатысып, алаңда мүлдем көзге түспеген.

Одан бөлек, Андрей Буйволов, Вук Митошевич, Алан Чочиевтер Қарағандымен қош айтысты. Отандық футболшылардан Ескендір Қыбырай «Ақтөбе» жейдесін киіп үлгерді. Ал клубтың түлектері Геворг Наджарян мен Оралхан Өміртаев әзірге карьераларын қайда жалғастыратын белгісіз.

«Шахтер» сапындағы нанын басқалармен салыстырғанда адал тапқан легионер Дэвид Мавутор болатын. Шыққан тегі ганалық, бірақ Тәжікстан азаматтығын алған ойыншы Қарағандыда бар-жоғы үш матч өткізді. Соған қарамастан аз уақыттың ішінде «Шахтер» жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналып үлгерді. Алайда жалақыға байланысты футболшы Малайзиядағы «Негери-Сембилан» командасын таңдапты.

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Соломон Удо былтыр маусым басында «Шахтерде» ойнағанымен, кейін «Атырауға» жалға берілген. Енді футболшы Қарағандыға қайтып оралды. Дегенмен бас бапкер Магомед Адиев бұл ойыншыға қатарда қалдыруға ниетті емес. Сондықтан жақын арада Удо да басқа команда іздеуі мүмкін.

Шахтер Қарағанды

Әзірге ресейлік маманның көңілінен шығып отырған беларусь қоорғаушысы Павел Назаренко мен шабуылшы Идрис Умаев болып тұр. Бас бапкерге Умаевтың мүмкіндігі бұрыннан таныс. «Ахмат», «Чайка» клубтарында бірге жұмыс істеген. Былтыр 22 жастағы шабуылшы Қазақстан премьер-лигасында 5 матчта 3 гол соқты. Ал ел кубогында 3 рет мергендік танытса, екі мәрте нәтижелі пас берген. УЕФА Конференция лигасында «Маккаби» қақпасына бір доп кіргізген. Футболшы Грозныйдың «Ахмат» клубына тиесілі.

Адиевке бұрыннан жақсы таныс ойыншының бірі Владимир Хозин. «Ростов» клубының түлегі «Шахтердің» қазіргі бапкерінің қарамағында бұған дейін «Чайка» сапында ойнаған. Ал Қарағандыда футболшы премьер-лигада 6 матчқа қатысты. Адиевтің алып қалғысы келетіні түсінікті. Бірақ одан пайда бар ма деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені Хозиннің жергілікті футболшылардан асып бара жатқан түгі жоқ.

2020 жылғы маусымда «Шахтердің» төртінші орын алып, Конференция лигасына жолдама еншілеуіне үлесін қосқан Арсен Хублов былтыр бірде-бір бапкердің сенімін ақтамады. Алдымен Әли Әлиевтің одан кейін Магомед Адиевтің де көңілін қалдырды. Сөйтіп, соңғысы оны командадан шығарып тастады.

Талдықорғанның «Жетісу» командасында тәп-тәуір ойнаған болгариялық шабуылшы Мартин Тошевтің Қарағандыда жұлдызы жанған жоқ. Былтыр премьер-лигада 10 матч өткізіп, бірде-бір гол соқпады. Әйтеуір, Қазақстан кубогының финалында «Қайрат» қақпасын дәл көздеп үлгерді. Оның келісімшарты да жыл соңына дейін жасалған. Сондықтан Адиев 31 жастағы шабуылшыны командада қалдыра қоймас.

Шахтер Қарағанды

Қарағандыға Канададан да шабуылшы келген. Украиналық баскетболшы Игорь Кузиннің ұлы Арамис Кузин шілде айында «кеншілер» астанасының командасымен келісімшартқа отырған. Бірақ былтыр премьер-лигада бар-жоғы бір матчта 5 минут ойнап, жалақысын алған.

Ал сербиялық Стефан Букорацпен келісімшарт ұзартылды. Ол тағы екі жыл «Шахтер» сапында ойнауға келісті. Былтыр 14 ойынға қатысқан. Хорватиялық қорғаушы Иван Граф та Қарағаныдада қалады. 34 жастағы қорғаушы өткен маусымда премьер-лигада 23 ойынға қатысқан.

Командадағы легионерлердің жағдайы осындай. Бір кездері клубтың атқарушы директоры Ерлан Оразаев жергілікті ойыншыларға көбірек мүмкіндік береміз деген. Деңгейі төмен, көрсеткіштері көңіл көншітпейтін легионерлерге топырлата бергенше, Назымханов секілді жас ойыншыларға мүмкіндік бергені әлдеқайда дұрыс болар.

Оның үстіне, Қарағанды клубының инфрақұрылымы туралы айтудың өзі ұят. Жыл сайын көктемде стадиондары дайын болмай, басқа қалаларды жағалап жүреді. Клуб басшылығы бірінші кезекте осыған назар аударса деп ойлаймыз.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте