ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Көптен күткен чемпиондық, тағы да допинг дауы. 2021 жылғы қазақ футболы несімен есте қалды?

2021 жыл түегісілуге жақын. Осыретте сиыр жылында қазақ футболында қандай жаңалықтар болды деген сұраққа Meta-ratings.kz жауап іздеп көрмекпіз.

Тобыл

Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2021 жылы сәтті болды дей алмаймыз. Әсіресе,Парижде Франциядан 0:8 есебімен жеңілуіміз жанкүйерлердің ашуын тудырды. Бұл2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы соңғы матч болатын. Қазақстанның келесі жылыКатардағы доп додасына бармайтыны әу бастан белгілі еді. Бастысы, сегіз матчтыабырой ойнап шығудан басқа амал болмаған.Өйткені D тобында Қазақстаннан басқа осал құрама жоқ. Алғашқы жеті ойындажеңіске жетпесек те, үш рет тең түстік. Барлығын сегізінші матчтағы 8:0 есебіқұртып кетті.

Қазақстан құрамасы

Үлкен футболға қарағанда футзалдағы жігіттеріміз қуантып жүр. БиылҚазақстан құрамасы Литвада өткен әлем чемпионатында үздік төрттіктің қатарынақосылды. Тіпті, чемпион атануға да мүмкіндіктері болған еді. Тек аздаған сәттілікжетіспеді. Жартылай финалға дейін жетудің өзі оңай емес екенін жақсы түсінеміз.

Қазақстан құрамасы

Дәурен Нұрғожин, Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов, Жомарт Тоқаев, ДәуренТұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов... Қазір Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да үшапта бойы кіші футболды қызықтаған жанкүйерлердің аузынан еститінің осыжігіттердің есімі. Құрамада жүрген бразилиялық легионерлерден кем түспейтінінқарадомалақтарымыз әлем чемпионатында анық көзімізді жеткізді. Енді бұлжігіттердің жарқын жеңістері еліміздегі футзалдың дамуына үлкен дүмпу әкелетінісөзсіз. Мұны әсіресе, спорт басшылары, аяқдоп шаруашылығында жүрген арнайымамандар аңғарса екен. Футзал болашақта Олимпиада ойындарына кіруге мүмкіндігібар спорттың бірі. Сондықтан қазірден бастап әр өңірде футзалды дамытуға арналғанарнайы бағдарлама жасап, оны Үкімет деңгейінде қолға алса дейміз. Әсіресе,балалар спортында үлкен футбол мен кіші футболдың шекарасын сызып, тек қанафутзалдың қырсырын меңгертсе, ертеңгі күні Тұрсағұлов, Тоқав, Оразов сияқтыларкөптеп шығатыны анық.

Қыркүйек айында Украина қақпасына екі гол соғып қуантқан футболшы Руслан Валиуллин кейіннен допингпен ұсталды. Қостанайдың «Тобыл» командасында ойнайтын қорғаушы еурокубок кезінде тапсырған сынамадан кейін ұсталған. Әзірге футболшы спорттан шеттетілді. Бірақ жаза мерзімі қаншаға дейін созылатыны белгісіз.

Валиуллин

Осымен екінші жыл қатарынан ұлттық құрама ойыншысы допингпен ұсталып отыр.Бұған дейін былтыр капитан Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілген.

Қазақстан премьер-лигасында биыл тағы чемпион ауысты. Алты зжыл қатарынан«Астана» алда жүрсе, былтыр «Қайрат» енді осы жолы «Тобылдың» айы оңынан туды.

Қостанай командасы араға 11 жыл салып, екінші мәрте ел чемпионатының үздігіатанды.

Негізі 25-турға дейін «Астана» көш бастап тұрған. Алматының «Қайратынан»ұтылғаннан кейін (0:1) елорда командасы тізгінді «Тобылға» беріп қойды. АлександрМоскаленко шәкірттері қарсыластың бұл жеңілісін сәтті пайдаланды. 25-турда оларөз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 4:1 есебімен жеңіп, ұпай санын 58-гежеткізді. Осылайша, биылғы маусымның чемпиондық атағы соңғы турда шешілетінболды. «Астана» 26-турда «Тұранмен» ойнаса, «Тобыл» «Ақжайыққа» қонаққа барды.

Тобыл

Қостанайлық клубқа «Ақжайықпен» болған ойында міндетті түрде жеңіске жетуқажет еді. Солай болды да. Қостанайлық ұжым жылдың басты ойынын еш қиналмастанөз пайдаларына шешіп, екінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Ал «Астана» өзалаңында «Тұранды» ұта алмады. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Сонымен «Тобыл»61 ұпаймен чемпион атанса, «Астана» 57 ұпаймен күміс жүлдегеге қол жеткізді. Алматының«Қайраты» қола жүлдені қанағат тұтты. Қазақстанның былтырғы жылғы чемпиондары51 ұпай жинады.

Соңғы жылдары «Астана», «Тобыл», «Қайрат» еурокубокқа тұрақты қатысып жүре, төртінші команда өзгеріп тұрады. Келесі жылы бұл қатарға Петропавлдың «Қызыл-Жары» қосылмақ.

Маусым басында бас бапкер болып, Андрей Карпович тағайындалғанда күмәнмен қараған. Былтыр Көкшетаудағы қадамы сәтті аяқталған Карпович «Қызыл-Жарды» төртінші орынға дейін көтере алды.

Қызыл-Жар

Былтырғы маусымды тоғызыншы орынмен аяқтаған «Қызылжар» араға он жеті жылсалып, ең үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр. 2004 жылы петропавлдық команда6-орын алған. Бір кездері Петропавл футболы өте қарқынды дамыған еді. Әсіресе,команданы белгілі маман Дмитрий Огай жаттықтырған тұста күміс (2000 ж.) жәнеқола (2001 ж.) медальға ие болды. 1999 жылы украиналық Владимир Стрижевскийдің басшылығыменҚазақстан чемпионатын күміс жүлдемен аяқтаған.

Қазақстан премьер-лигасының қорытындысы бойынша бас мерген атағын«Астананың» ойыншысы Марин Томасов жеңіп алды. Хорватиялық легионер 23 ойында17 гол соқты. Одан кейінгі орында «Қайрат» шабуылшысы – Антон Шушеначев – 19ойында 12 гол. Сұрмергендер көшінің үздік үштігін «Тобылда» доп теуіп жүргенИгорь Сергеев қорытындылады. Өзбекстандық легионер 25 ойында 10 голдың авторыатанды. Осы жерде айта кететіні, 2009 жылдан бері Чемпионаттың бас мергеніатағын үнемі легионерлер ұтып келе жатыр. Соңғы рет Мұрат Тілешов 2009 жылғыфутбол маусымында 20 доп соғып, түрікменстандық Владимир Байрамовпенбіріншіліктің бас мергені атағын бөліскен болатын. Содан бері қазақстандық бірде-бірфутболшы сұрмерген атағына лайық болмады.

Томасов

Талдықорғанның «Жетісуы» мен Қызылорданың «Қайсар» клубтары Қазақстанпремьер-лигасымен қош айтысты. Маусымды сүреңсіз өткізген бұл екі команда ендікелесі жылы бірінші лигада ойнайды. Ал, Бірінші лигада үздік атанған«Мақтаарал» мен «Ақсу» командалары келесі жылғы Премьер-лигада ойнайды.

Вагнер Лав

Бразилиялық жұлдыз Вангер Лав былтыр пандемияның тұсында Қазақстанғакелген. Дәлірек айтқанда, Алматының «Қайрат» командасының жейдесін киген.Ардагер футболшы тәжірибесінің арқасында «Қайраттың» араға 16 жыл салып чемпионболуына өз үлесін қосты. Енді 1,5 жылдан кейін командадан кетті. 37 жастағыфутболшы осы аралықта 55 матчқа қатысып, 24 гол соққан. Сонымен 20 нәтижелі пасберген.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте