ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Стамбұлдағы финалдың қаһарманы Стивен Джеррардты Коста-Рика футболшылары қалай құрметтейді?

«Ливерпуль» капитаны Стивен Джеррард – əлем футболының баға жетпес аяқ доп шеберлерінің бірі. Қазақ комментаторы Стиви Джимен қалай кездесті?

Стивен Джеррард

Қалай айтсақ та оған бəрі жарасардай. Ол доп тартып алу, шабуыл бастау, гол салатын пас шығару, сонымен қатар өзі де қолайы келгенде гол соғудан қашпайды. Оның үстіне ол – күрескер, қақтығыстан тайынбайтын ержүрек. Ағылшын ұлттық құрамасы мен «Ливерпульді» дəл осы жігітсіз көзге елестетудің өзі бір қиын. Айтпақшы, Джеррардтың алаңда ойнайтын орны қай жер? Тіреуші жартылай қорғаушы? Жоқ, ол бұдан гөрі əлдеқайда көбірек шабуылдаушы футболшы. Мүмкін, плеймейкер. Олай айтса да болады. Жəне ол оң қанатта да ойнай біледі. Өйткені, өз карьерасын дəл осы позициядан бастаған. Ағылшын ұлттық құрамасында кейде сол қанатты да жаба білген. Ең үздік ойыны – 2005 жылғы Чемпиондар лигасының финалында, дəлірек айтсақ, екінші тайм мен қосымша уақытында да «Ливерпуль» капитаны оң жақ қанатта өз борышын атқарған-ды. Міне, осындай əмбебап Джеррардты «Ливерпуль» командасының жүрегі дейтіндей бар еді.

Стивен Джеррад

Менің Бразилияда жүргізген 21 ойынымның ішіндегі ең сүреңсізінің бірі Англия мен Коста-Рика арасындағы матч болды. Ағыл-тегіл ашылып сөйлеп, арқа-жарқа эмоция шашамын деп келіп едім. Себебі Англия құрамасының соңғы 30 ойынын жібермей тамашалаған адамдардың бірімін. Бекхэмдердің заманынан жанкүйерлік етемін. Тіпті Алан Ширерлер бастаған 2000 жылғы Еуроны да тамашаладым. Топтан шыға алмаған еді. Осы ойынды ойлап тауып, тəртібін қалыптастырған елдің құрамасы топтан шыға алмай қалуы қандай қиын. Тіпті соңғы орында қалды. Португалия мен Румындардың көсілетін кезі ғой. Сол Еуроның алдында ағам Нұрмұхамед үйде кесте сызды. Өзінше болжам жасады. «Бірінші орынды – Англия, екінші орынды – Германия, үшінші, төртінші орындарды – Португалия мен Румыния алуы тиіс», – деді. Мен де келіскендей сыңай таныттым. Алайда барлығы да айна-қатесіз керісінше келді. Яғни бұл – сол кездегі футболдың адам айтып болжауға болмайтындығының бір дəлелі. Нуну Гомеш пен Виорел Молдовандардың қайнап тұрған шағы екен. Португалдар мен румындар топтан шықты да, ағылшындар мен немістерді артқа тастады. Алайда бұл жолғы құрама мықты еді. Іріктеуде ең бірінші болып Əлем біріншілігіне жолдама алды.

Италия мен Уругвайдан жарытып ұпай алмаған соң Коста-Риканы жеңуі тиіс еді. Мен матч алдында тек Коста-Риканы ғана зерттедім. Яғни кім бар, бапкері қандай адам, неғылған команда деп ой жүгіртіп, зерделедім. Жалпы, біріншілік басталмай тұрып жинаған парақтарымды қайта шолып шықтым да, жүргізуге оңтайлы ойын деп шештім. Бірақ менің күткенім болмады. Матч адам айтса сенгісіз, сондай сүреңсіз болды. Алғашқы таймда іліп алар қауіпті сəттер болмады. Екінші таймда ұнжырғам түсіп, ауызға сөз түспей, шатып-бұтып сөйлеген болып отырдым. Мұндай кездерде «ойын нашар болды» деп қарап отырмай, керісінше қыздырып, əңгіменің ауанын өзгеше бұрып əкету керектігін кейін түсіндім. Бұл ойынның тəжірибесі маған жартылай финал – Аргентина-Голландия ойынында қол болды. Ол ойын тіпті 120 минутқа созылған азапты матч еді. Иə, комментатор үшін одан асқан азап жоқ. Дирк Кейттің бір метр алға, бір метр артқа жылжып тұрған сəтін 7 минут тамашалаған кезде не айтар екенсің?! «Ал сөйле, сабазым» деп отырдым ішімнен. Сонымен, ойын аяқталып, Коста-Рика 0:0 тең нəтижені тіркеп топтан бірінші орын алды. Сенсация емей немене?! Италия мен Уругвайдың атағынан ат үркіп еді. Қайда солар? Алматыдағы ойында Фрэнк Лэмпардпен қол алысып едім. Соны еске ала тұнжырап «микс-зонаға» кірдім. Бұл бір өзі ғаламат аймақ. Кім бар, кім жоқ. Барлығы осы бір арнаулы жермен жүріп өтеді. Уэйн Руни мен Фрэнк Лэмпардтарды сұхбатқа шақырып, микрофон тосып жүрген шағымызда Люк Шоу, Гари Кэхилл, Крис Смоллинг секілд футболшыларға немқұрайлы қараймыз. Олар кім тəйірі?! Барлығы бітіп, журналистердің жартысы ағылып баспасөз мəслихатына кетті. Біздің екінші тобымыз, яғни орыстілді журналисіміз сол жақта отыр. Режиссер Данияр екеумізге асығар дəнеңе жоқ. Жайбарақат, микрофон, штативімізді жинап жатып, алған əсерімізбен бөлісеміз. «Микс-зона» өзі бір қуыс, қапастау жертөле жерге жасалыныпты. «Минейраоның» 2-қабаты. Осы тұста алақанға сыяр-сыймас планшетке сұхбат алған адамдарды тізбектеп жазып жатқанымда алып денелі бір кісі дəліздің түкпірінен шыға келді. Анықтап қарасам, Стивен Джеррард. «Мəссаған, Құдай берді!». Даниярға қарасам, камераны өшіріп, сымдарын түгел жинап тастаған. Бір сауалға жеке дара түсіріп алуға шама жоқ. Жылдам, планшеттің камерасын қосып, «Стивен, естелікке бір суретке түсейік», – дедім. Англия құрамасының соңғы ойынын ойнап, үйге қайтатынын біліп тұрған Стиви ойланбай келісті. Теледидардан қарағанда бəрі кішігірім секілді көрінгенімен, Стивен менен алыптау екен. Кəдімгі төртбақ, ірі, кесек денелі. Қолдары шомбал-шомбал, денесі буылтық. Аямай өз еркіне жіберген қаба сақалы да жарасымды. Фотоға түсер кезде салалы қолын, салаң еткізіп мойныма қоя салды. Сəл жымиды да, «Тенкю» деп маған рақмет айтып кетті. Мұндай да қарапайымдылық болады екен-ау деп тұрмын!

Ермұхамед Мәулен мен Стивен Джеррард

Суретке қайта-қайта қараймын. Өзіңіз ойлаңызшы, теледидардан талай тамашалап көрген Стивен Джеррард менің арқамнан қағып, қолымды алды. Мұндай футболшыларды Жапонияның əуежайында адамдар жылап қарсы алатынын білуші едім. Менің орнымда кез келген «Ливерпульдің» фанаты жылап жіберетіні анық. Енді қызықты қараңыз! Əлгі біздің ұзынша, қараңғылау дəлізіміз картоннан құрастырылған есікпен аяқталатын. Сол тұста Стивті тағы біреулер ұстап алды. Сəл аяңдап барып, бұлар кімдер екен деп аңғарсам, футболшылар. Жаңа ғана алаңда Стивенге қарсы ойнаған Коста-Риканың аяқдопшылары. Өздері Англияны артқа тастап, топта бірінші орын алған футболшылар. Барлығы жапатармағай бір-бір телефон алып Джеррардпен суретке түсіп жатыр. «Ливерпульдің» аңызын бүкіл əлем біледі екен.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте