Маурисио Почеттиноның бапкерлік мансабының қалай өрбитініәзірге белгісіз, бірақ олардың «Пари Сен-Жерменмен» жолдары жақын арада екіжаққа айырылатын сияқты. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі ПСЖ клубындағы бас бапкерге қатысты болып жатқанмәселелерге тоқталып өтпек.
Le Parisien басылымы париждік клубтың Зинедин Зиданмен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Бірақ клуб басшылығы Почеттиноға маусымның соңына дейін жұмыс жасауға мүміндік бермек. Себебі Зиданның өзі маусымның ортасында жұмысқа орналасқысы келмейді, ол жаңа командасымен бірге маусымалды оқу-жаттығу жиынын өткізіп, өз жоспарын құруды қалайды. Зизудің өзі де Францияда жұмыс істеуге қарсы емес екен.
Почеттино жұлдызды ойыншылармен жұмыс істей алмауда
Маурисио баспасөз мәслихатында бірнеше рет ПСЖ-ғакомандалық жұмыстың жетіспейтінін айтып, шағымданған болатын. Бұл ойыншылардыңмінезіне байланысты болып отыр: олар ортақ тіл таба алмауда немесе бір-бірініңойынына бейімделгісі келмейді. Бірақ бар кінәні ойыншыларға жаба алмаймыз,Почеттино париждік командаға жоғары сапалы ойын қоя алмады. Мұны «МанчестерСитимен» болған кездесу дәлелдеді. Ұжым ішінде жанжалдар туындай бастады. Мұндайкелеңсіз жағдайлар аргентиналық маман келгенге дейін де болған еді, бірақ ТомасТухель жігіттерге не айту керектігін білді, осылайша олардың басын біріктіреалды. Почеттино Мбаппенің Неймарға қалай ашуланғанына үндемей қарап, қолын алмайтынМессиді ақтап, мұндай жағдайлар туралы мүлдем пікір білдірмеуде.
Пари Сен-Жерменнің «Этихадтағы» нашар ойыны басшылықтың бапкергекүмәнмен қарауына себеп болды. Пеп Гвардиола Почеттиноның жоспарларынтактикалық түрде бұзды: аргентиналық маманды жұлдызды құрам да құтқара алмады.Ал шабуылдағы Месси, Неймар, Мбаппе үштігі матчтағы ең төмен бағаға ие болды.
Бұрынғы француз қорғаушысы Эммануэль ПетиПочеттиноға риза емес екенін мәлімдеді:
«Мен оның ойыншыларды қорғай беруінен шаршадым. Футболда тек команда ғана жеңіске жететінін ұмытқандар бар. Мен бұл туралы айқайлап айтқым келеді. Себебі шектен шыққан ойыншыларды көрдім».
Почеттинодан айырмашылығы, Зиданның жұлдызды ойыншыларменжұмыс істеу тәжірибесі бар - ол бірнеше жыл бойы Криштиану Роналдудың эгосыменсәтті күресті.
Маурисиоға «Манчестер Юнайтед» клубы қызығушылық танытыпотыр. Тіпті оны дәл қазір шақыруға дайын болды. Бірақ париждік клубтыңбасшылығы маусым ортасында бапкер іздеп, қиналғысы келмейді.
ПСЖ Зизу қарастыратын жалғыз нұсқа емес
«Реал Мадрид» Зиданның кеткенін хабарлағаннан кейін көпұзамай БАҚ-та француздың келесі жұмыс орны туралы көптеген болжамдар пайда болабастады. Ал ұлттық құрама ең танымал нұсқалардың бірінеайналды. Зизу бұған дейін деФранция мен ұлттық құраманы жақсы көретінін бірнеше рет айтқан болатын. Мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес те оның соңғы әлем чемпиондарын жаттықтырғысы келетінінжақсы білді.
«Мен оны ұнатамын. Оның ойыншы және бапкер ретіндегі жетістіктерін тізбектеп айтпай-ақ қояйық. Бір күні Зидан Франция құрамасын тізгіндейді. Бірақ қашан екенін білмеймін. Менен ешқандай сенсация күтпеңіздер», - деді Франция футбол федерациясының президенті Ле Гре.
Зидан үшін ПСЖ басшысы кедергі болмақ
Зизу ПСЖ-ның 49 жастағы спорт директоры Леонардоның қоластында жұмыс істегісі келмейді. Егер Зидан Парижде жұмыс істеуді шешсе, олТомас Тухель мен Почеттино сияқты Леонардоның шешімдеріне тәуелді болмай, өзеркімен әрекет еткісі келеді.
Леонардо команданы өзі жаттықтыратын адам сияқты бұғандейінгі бапкерлердің шешіміне бірнеше рет қарсы шыққан. Томас Тухельдің Каванижәне Тиаго Силвамен келісім-шартты ұзарту керек деген өтінішін орындамай, оныжұмыстан шығару үшін бар күшін салды. Ал Зидан мұндай басшылардың қол астындажұмыс істей алмайды. Оның «Реалдан» кетуіне де осындай жағдайлар әсер етті.Бапкер қаламаса да, басшылық «Челсиден» Тибо Куртуаны сатып алды, сондай-ақРоналдуды «Ювентуске» сатып жіберді.
Бірақ футболда мүмкін емес нәрсе жоқ. Былтыр мен уақытшабапкер емеспін деген Ральф Рангник те биыл «Манчестер Юнайтедті» маусым соңынадейін жаттықтыруға келісті. Сондықтан ПСЖ клубы арбаны да сындырмай, өгізді деөлтірмей, Зизуды командаға әкелуге тырысады. Олардың бұл қызметке қарастыратын басқаүміткерлері де жоқ.