ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Оразов секілді ойыншыларды көре алмауымыз мүмкін». Кака – футзалдағы мәселелер мен алдағы матчтар жайлы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака YouTubе-тағы «Вести Спорта» арнасына берген сұхбатында команданың әлем чемпионатына дайындығы жайлы айтып, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан футзалындағы мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын айқындап берді.

Рикардо Кака

— Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткелі жатырсыздар. Ең қауіпті қарсылас ретінде қай команданы айта аласыз?

— Словения құрамасы – біз үшін ең қауіпті қарсылас. Черногорияны құрметтеуіміз қажет, бірақ рейтинг жағынан да, соңғы кездесулерге қарасақ та, Словения біз үшін ыңғайсыз қарсылас. Оларға қарсы ойнау өте қиын. Бірақ біз бұл ойынға жақсылап дайындалдық, олар да солай жасаған шығар. Не болатынын уақыт көрсетеді.

— Демек, алғашқы матч қиын болайын деп тұр ма?

— Ия, алғашқы матч оңай болмайды. Екі апта бұрын Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізгеніміз жақсы болды. Бұл бізге көп пайдасын тигізді.

— Дайындық жұмыстарына көңіліңіз тола ма?

— Әрине. Федерацияның жасап берген жағдайына, қарсыластарға, ойыншыларға ризамын. Олар жаттығу жиынында барын салды. Ұлттық құрамаға алғаш рет келген жігіттер де болды. Оларды әрі қарай дамытатын боламыз. Жалпы алғанда, жиын жақсы өтті.

Рикардо Кака

— Соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сенсация жасап, төртінші орын алды. Келесі әлем біріншілігіне дейін екі жыл бар. Сіз команданың бұл турнирге деген мақсатын айқындадыңыз ба?

— Дәл қазір әлем чемпионатына мынандай мақсат қойдық деп айту дұрыс емес. Себебі біз әлі бұл турнирдің негізгі кезеңіне шыққан жоқпыз. Іріктеу кезеңіндегі ойындардың өзі оңай болмайын деп тұр. Бізді екі бірдей топтық кезең күтіп тұр. Қазіргі мақсатымыз – Словения және Черногориядан басым түсіп, топта бірінші орын алу. Одан кейін келесі кезеңдерге арналған мақсатымызды айқындайтын боламыз.

— Шетелде доп теуіп жүрген Лео мен Тайнанның жағдайы қалай?

— Лео өте жоғары деңгейде ойнап жүр. Оның командасы Бразилия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетуде. Леоның жағдайы жақсы, командада маңызды рөл атқарады. Бұл ойыншыға қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ал Тайнан Әзербайжанмен болатын ойынға дейін ұзақ уақыт бойы жаттығу жасамады. Бұл матчтан кейін ол Испанияға оралып, жаттығу жұмыстарын жалғастырды. Бірақ әлі ресми матчтарға қатысқан жоқ. Дегенмен, оның қазіргі жағдайы менің көңілімнен шығады.

Тайнан

— Қазір ұлттық құрамада Райымбек Жұма, Ақжол Дәрібай, Серік Мәжитов секілді ойыншылар жүр. Неліктен таңдау осы ойыншыларға түсті?

— Олар өз командаларында жақсы ойнауда. Қазақстанда футзалшылардың жетіспейтінін бұған дейін де айтқан едім. 8-10 ойыншымыз ғана халықаралық турнирлерде ойнауға дайын. Он бір, он екі, он үшінші ойыншыларды біз әлі іздеп жатырмыз. Мына ойыншыларды көріңіз деп ұсынғандар болды. Бірақ мен олардың бәрін шақырып қойдым. Серік, Ақжол секілді ойыншылар бұған дейін ұлттық құрамада болмаған. Сондықтан басқаларға бергендей, оларға да мүмкіндік беруді жөн көрдім.

— Ақтауда футзал жақсы дамып жатыр. Бірақ «Каспий» клубы сәл болмағанда жабылып қалайын деді. Бұл жайлы не айтасыз?

— Мен бұл мәселе жайлы ештеңе айтқым келмейді. Бірақ Қазақстанда футзал тұрақты болса деген тілегім бар. «Қайрат» пен «Аяттан» басқа клубтарда тұрақтылық жоқ. Кезінде легионерлерді шақырып, алдына үлкен мақсат қойған командалар қазір жергілікті ойыншыларға сенім артуда. Биыл чемпионатқа «Ордабасы» қосылды. Бірақ олар әрі қарай ойнауын жалғастыра бере ме? Міне, Қазақстанда осындай сұрақтар туындайды. Сондықтан бізге тұрақтылық қажет. «Каспийде» не болғанын білмеймін, сондықтан бұл жағдайға қатысты ештеңе айта алмаймын.

— «Қайраттың» маусымаралық үзіліс кезінде жасаған трансферлеріне ризасыз ба?

— Әрине. Бұл үшін клуб президентіне айтар алғысым шексіз. Қайрат Айтмолдаұлы менің трансферге қатысты жасаған барлық өтініштерімді орындады. Өкінішке орай, біздің жақсы не жаман команда екенімізді небәрі екі айда анықтауға болады. Себебі УЕФА-ның күнтізбесі өте тығыз. Барлық ойындарды қазан мен қараша айларына тығып қойған. Одан кейінгі матчтар наурызда ғана болады. Егер Чемпиондар лигасының финалына шығып жатсақ, сәуір айындағы ойындарға қатысамыз. Футзал – өте керемет спорт түрі. Бірақ біз бұл ойынды тек екі ай ойнамауымыз қажет. Күнтізбенің тығыздығын ескерсек, «Қайратқа» өте қиын болайын деп тұр.

— «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойындарына Эдсон мен Оразов дайын бола ма?

— Эдсон Черногориямен болатын ойынға дейін қатарға қосылады, ал Оразов алдағы дүйсенбіден бастап командалық жаттығуға қайта оралады.

Оразов және Тұрсағұлов

— Оразов пен Тұрсағұлов Еуропаның мықты чемпионаттарына кетуі керек деп айтатындардың қатары көбейді. Олар шетелде ойнауға дайын ба және Сіз оларды басқа клубқа жіберуге дайынсыз ба?

— Оларды жіберуге дайын емеспін. Бірақ олардың шетелде ойнауға шамасы жетеді. Олар осында өніп-өсті. Егер Испания немесе Португалияға кетсе, тіл жағынан қиындықтарға тап болады. Ол жақтағы футзал мектебі де басқа. Бірақ екеуі де халықаралық деңгейде ойнай алатынын дәлелдеп үлгерді.

— «Қайраттың» жаңа маусымға арналған жоспары қандай?

— Чемпиондар лигасында топ жаруды көздеп отырмыз.

Игита және Дуглас

— Игита, Дуглас және Есенамановтың жасы біразға келді. Бұлардың қайсысы мансабын аяқтағаннан кейін бапкер немесе менеджер болады деп ойлайсыз?

— Игита секілді ойыншыдан айырылу үлкен шығын болады. Игита Қазақстан және әлем футзалының символына айналды. Оған әрі қарай да футзалда қалып, менеджер ретінде қызмет ету керек. Әзірге мына ойыншы бапкер болады деп айта алмаймын. Біреуінде көшбасшылық қабілет бар, бірақ педагогика жағынан әлсіз. Ал екіншісінде педагогикалық қасиеттер бар, бірақ көшбасшылық қабілет жоқ.

— Қазақстан футзал жақсы дамып келеді. Бірақ Тұрсағұлов пен Оразов секілді ойыншылар енді шықпайды деген пікірмен келісесіз бе?

— Бізде футболшы дайындап шығаратын индустрия жоқ. Бұл екі ойыншыны футзал әлеміне шығару арнайы жоспар болған жоқ. Кездейсоқ болған жағдай. Бізге тез арада осындай ойыншыларды дайындап шығаратын индустрия құру қажет. Осылай жасамасақ, Оразов пен Тұрсағұловтың деңгейіндегі ойыншыларды көре алмаймыз.

— Инфрақұрылымды дамыту керек деп ойлайсыз ба?

— Қазақстан құрамасының қазіргі нәтижелерін назарға ала отырып, футзалға деген махаббатты пайдалану қажет. Инфрақұрылым қажет, бірақ бұл аса қатты маңызды емес. Балалардың футзалға деген махаббатын сөндіріп алмау қажет. Қанша ақша бөліп, үлкен стадиондар соғып, ол жерде футзалды жақсы көрмейтін балалар ойнаса, оның бізге ешқандай пайдасы болмайды. Ең бастысы, жаттықтырушыларды дайындап, балаларға арналған жарыстарды көбейту қажет және елдегі футзалдың мәртебесін артырып, адамдардың бұл спортқа деген махаббатын ашу керек.

— Елімізде футзалға деген махаббат артып келе жатыр деп ойлайсыз ба?

— Артуда, бірақ қолданылмай жатыр. Футзалда нашар нәтиже болып, басқа спорт түрінде жоғары нәтижелер тіркеліп жатса, балалар нәтиже бар жаққа кетіп қалады. Нәтижеге тәуелді болмай, балалардың футзалды шын ықыласпен ойнауы үшін көп жұмыс жасау қажет.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте