ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Көзден де, көңілден де кетіп, бірақ әлі жасыл алаңда көсіліп жүрген жұлдызды футболшылар

Бұрын аса танымал болған футболшылар 30-дан асқаннан кейін төмен дәрежелі чемпионатқа немесе аса белгілі емес командаға ауысып, ұмытыла бастайды. Тіпті, кейбір жандар оларды мансабын аяқтады деп ойлап та жатады. Осыған байланысты Meta-ratings.kz тілшісі отыздың ордасын бұзып, қырықтың қамалына жақындаса да теңбіл допты серік етіп жүрген, бірақ көзден кетсе, көңілден кетеді дегендей, естен шығып бара жатқан футболшыларды жинақтады.

Андрес Иньеста

Испаниялық аса белгілі футболшы ұзақ уақыт бойы «Барселонаның» көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Ал 2018 жылдың мамыр айында Жапонияға кетіп, «Виссел Кобе» клубының қатарын толықтырды. Содан бері әлем және Еуропа чемпионы жапониялық клубта 101 матч өткізіп, 23 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. 37 жастағы жартылай қорғаушы Азияда жұмыссыз жүрген жоқ. Жарақат кедергі болмаса, әр ойын сайын алаңға шығып, нәтижелі әрекетпен көзге түсуде. Өткен маусымның қорытындысы бойынша Жапония чемпионаты үздік 11 ойыншысының қатарына енді. 2019 жылы Жапония кубогін, 2020 жылы Жапония Суперкубогін жеңіп алды.

Иньеста «Виссел Кобеде» өзге экс-каталондықтар Боян Кркич және Серхи Сампермен иық тірестіре бірге ойнайды. Андрес кобелік клубтың әлі кемі екі жыл намысын қорғайды. Келісімшарт 2024 жылдың 31 қаңтарында аяқталады.

Луиш Нани

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жұлдызды ойыншыларының бірі соңғы үш жылын АҚШ-та өткізді. Өткен маусымда португалиялық футболшы «Орландо» сапында жасыл алаңға капитандық белгімен шығып, тұрақты чемпионатты жақсы өткізді. 28 матчта он гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Алайда оның командасы плей-оффтың бірінші раундынан аса алмады. Жалпы «Орландо» жейдесінде өткізген үш маусымда 88 ойынға қатысып, 31 мәрте мергендігімен көзге түсіп, 18 голдық пастың авторы атанды. Нани мен «арыстандар» арасындағы келісімшарт 2021 жылдың соңғы күнінде аяқталып, Еуропа чемпионы қазіргі таңда клубсыз жүр.

Буффон

2022 жылдың қаңтарында Буффон 44 жасқа толады, бірақ футболмен қоштасатын ойы жоқ. Қазіргі таңда даңқты қақпашы мансабын бастаған «Парманың» намысын қорғауда. Қос тарап 2021 жылдың жазында 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Парма» B сериясында сәтті өнер көрсетуде деуге келмес, өйткені пармалық клуб 18 турдан кейін 23 ұпаймен 13-ші сатыда келеді. Буффон 18 ойынның барлығына қатысып, жасыл алаңда 1551 минут өткізіп, 20 гол жіберіп, алты кездесуде қақпасын голдан аман сақтады.

Естеріңізге сала кетсек, Буффон «Ювентус» сапында он дүркін Италия чемпионы атанып, Италия құрамасымен 2006 жылғы Әлем чемпионатында топ жарған еді.

Чичарито

Тағы бір «Манчестер Юнайтедтің» болашағынан үлкен үміт күттірген футболшысы. Бірақ бар-жоғы 33 жасында Америкаға қоныс аударып, біршама футболсүйер қауым ұмыта бастады. Екі дүркін Англия чемпионының «Гэлаксидегі» бірінші маусымы сәтсіз болды (11 матч, бір гол), ал екінші маусымда мексикалық аяқдопшы барын салып, 21 ойында 17 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Чичарито командасының үздік сұрмергені атанды, дегенмен «Гэлакси» Батыс конференциясында тек сегізінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңіне өте алмады. Эрнандес Еуропада «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Вест Хэм», «Байер» һәм «Севилья» сында белді клубтарда өнер көрсетті. Кім біледі, мүмкін жақында Еуропаға ораляп қалар. Өйткені Хавьердің қартайып тұрғаны шамалы және әлі де голды қарша бората алатын қауқары бар.

Франк Рибери

Күзге дейін клубсыз болған франциялық ойыншы қыркүйек айында қалың көпшілікті таңғалдырып, қарапайым «Салернитана» қатарына қосылды. Кезінде Гаттузо ойнап, Пиоли жаттықтырған клубтың қазіргі жағдайы мәз емес. «Теңіз жылқылары» Италия чемпионатының 19 турынан кейін сегіз ұпаймен соңғы орында келеді. Рибери болса, 13 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді. Тоғыз дүркін Германия чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен салернолық клуб 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған. Демек, Франктың маусым мәресіне жетісімен басқа клубқа ауысуы немесе мансабына аяқтауы ықтимал.

Маруан Феллайни

Тағы бір «Манчестер Юнайтедтің» экс-ойыншысы 2019 жылы қытайлық «Шаньдун Тайшаньға» ауысып, осы аралықта 79 матч өткізіп, 30 гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Бельгиялық жартылай қорғаушы «Эвертонда» да, «қызыл сойқандарда» да 30 голды осынша аз уақыт ішінде соқпаған еді. Сонымен қатар Маруанның командасы Қытай Суперлигасының ағымдағы маусымында мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал 9 қаңтар күні Феллайнидің «Шаньдуны» Қытай кубогінің финалында Оскардың «Шанхай Портын» 1:0 есебімен жеңіп, Маруанның командасы «Алтын дубль» жасады.

Лукаш Подольски

Әлем чемпионы 2020/2021 жылғы маусымда «Антальяспорда» өткізді, ал оған дейін үш жыл Жапонияда Иньестамен бірге «Виссел Кобенің» намысын қорғады. «Антальяспордан» кейін польшалық «Гурник Забжеге» ауысып, 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды және тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар келісімшартқа қол қойды. Бірақ шабуылшы үшін көрсеткіші көңіл көншітерлік емес. Ал «Гурник» Польша чемпионатының 19-шы турынан кейін 28 ұпай еншілеп, жетінші сатыда келеді.

Куарежма

Куарежма 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, қазір Португалия чемпионатының ортаңқол командасында ойнайды. 2020 жылдың қыркүйегінде «Витория Гимарайншпен» 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. 38 жасар сақа ойыншының ағымдағы маусымдағы статистикасы тамаша деуге келе қоймас. Примейрадағы 15 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Командасы 16 турдан кейін 23 ұпаймен сегізінші сатыда келеді. Куарежма өткен 16 турдың 15-іне қатысып, соңғы ойында жарақатына байланысты шыға алмады. Италия, Португалия және Түркия чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы, Португалияның екі мәрте үздік ойыншысы 40-тың қамалын алуға жақындаса да футболды тастауға ниетті емес, алайда бұрынғыдай жасыл алаңда көсіле алмайтыны айтпаса да белгілі дүние.

Якуб Блащиковски

Мансабының басым бөлігін дортмундтық «Боруссия» құрамында өткізген Польшаның беделді ойыншыларының бірі 2019 жылдан бері өзіне таңсық емес (2005-2007 жылдар аралығында ойнаған) және Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков өнер көрсететін «Висланың» намысын қорғауда. Өкінішке орай, бірнеше ай бұрын Блащиковски жарақат алып, Польша чемпионатында 16 ойынға қатыса алмады. Осы маусымда Якуб тек екі матчта (56 минут) ойнады және нәтижелі әрекетпен ерекшеленбеді. Қос тарап арасындағы келісімшарт 2022 жылдың жазында аяқталады және жақын арада ол мансабының аяқталғанын жариялауы ықтимал.

Оскар

Кезінде болашағынан зор үміт күттірген бразилиялық ойыншы 2017 жылы ашық түрде ақшаның артынан кетіп, қазір футболсүйер қауымның басым көпшілігі есіне де алмайтын Қытай Суперлигасынан бір-ақ шықты. Әлі аяғы қалтырап қартаймаса да 30-дан асқан аяқдопшыны бақылап жүргендер бірен-саран. Алайда соңғы кездері Оскар Еуропаға оралғысы келіп жүр. Бразилиялыққа Италияның бірнеше клубы мен каталондық «Барселона» қызығушылық танытуда. Сондықтан ол әлі де өзін танытып қалуы мүмкін.

Ал Қытайдағы мансабына келер болсақ, Оскар 2017 жылдан бері шанхайлық клуб сапында 170 ойын өткізіп, 50 гол соғып, 93 нәтижелі пас берді. Қос тарап арасындағы келісімшарт 2024 жылдың 30 қарашасында аяқталады. Соңғы сыбыстарға сенсек, футболшы бұл мерзім аяқталғанға дейін басқа клубқа ауысуы ықтимал.

Гонсало Игуаин

30-дың ордасын бұзғанша Еуропаның «Реал Мадрид», «Наполи» һәм «Ювентус» сынды клубтарында атой салған аргентиналық шабуылшы 2020 жылы Дэвид Бекхэм иелік ететін америкалық «Интер Майами» командасына ауысты. Игуаин осы аралықта 39 ойынғы қатысып, 13 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Командасы өткен маусымда MLS-тің плей-офф кезеңіне шыға алмады. Ал жаңа маусымдағы алғашқы матчын 27 ақпан күні «Чикаго Файерге» қарсы өткізеді. Гонсало мен Бекхэмнің командасы арасындағы келісімшарт 2022 жылдың 31 желоқсанында аяқталады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте