ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Финалда асығыстық таныттым». Жас боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада чемпионымен жекпе-жекте жіберген қателігі мен жаңа салмағы туралы пікірімен бөлісті

«Финалда асығыстық таныттым». Жас боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада чемпионымен жекпе-жекте жіберген қателігі мен жаңа салмағы туралы пікірімен бөлісті

Бокстан жастар арасында үш рет Азия чемпионы атанған, Қазақстан құрамасындағы жас боксшылардың бірі – Махмұд Сабырхан енді ересектер арасында да топ жаруды көздейді. Ұлттық құрама бапкерлері оны Дубайдағы Азия чемпионатында 56 келіде сынап көруге шешім қабылдады. Жарыс қарсаңында спортшының дайындығы мен алдағы жоспарлары туралы Meta-ratings.kz тілішісі Бек Төлеуов сұрап, білді.

– Ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионатына қатысқалы тұрсың: Көңіл күй қалай?

– Бәрі жақсы. Ересектер арасындағы құрлық біріншілігіне бірінші рет жолым түскелі тұр. Дубайдағы Азия чемпионатына соңғы дайындықты Нұр-Сұлтан қаласында өткіздік. Оқу-жаттығу жиыны 10 күнге созылды. Бұйырса, бірінші орын алуды мақсат тұтып отырмын.

– Азия чемпионатында жаңа салмақта бақ сынайсың. Қиындық тудырмайды ма?

– Таза салмағым өзімнің 56 келі. Сондықтан салмақ қумай барамын. Бірақ мені әлі де 52 бокстаса беремін. Бұл салмақта құрама мүшесі Сәкен Бибосынов Азия чемпионатына бара жатыр. Сол себепті мені 56 келіге ауыстырды. Иә, әрине қиын болады.

Махмұд Сабырхан

– Қарсыластарың жайлы не білесің?

– Бұл салмақта Азия чемпионатында өзбек боксшысы басты фаворит. Яғни Миразизбек Мирзахалилов есімді өзбек боксшысы бұған дейін әлем чемпионаты, Азия ойындары мен Азия біріншілігінде топ жарған. Кездесіп жатсақ, одан басым түсуге тырысамын. Сондай-ақ Корея және Қытай боксшылары да осал емес.

– Санкт-Петербургта өткен халықаралық турнирде финалға дейін жетіп, шешуі кезеңде өзбек боксшысына есе жібердің. Зоировпен жекпе-жекте не жетіспеді деп ойлайсың?

– Қарсыласым Олимпиада және әлем чемпионы. Тәжірибелі боксшы. Болды. Финалда кішкене асығыс танытып қойған секілдімін. Негізі ұтуға болады. Бірден алға ұмтыламын деп тактикалық тұрғыдан қателік жібердім. Бапкерлердің айтқанын рингте орындамадым.

– Азия чемпионатында жүлде алып жатсаң, 56 келіде қаласың ба?

– Салмағыма қарай көремін. Егер салмағым дәл осылай 56 келі болса, онда 52 келіде қалуым мүмкін. Оның бәрін бапкерлеріммен ақылдасып шешеміз.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте