ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

ЧЛ финалы Парижге ауысты. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс спортқа қалай әсер етуде

Қазіргі таңда Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс бүкіл әлемді өзіне қаратып отыр. Сонымен қатар бұл жағдай спорттық шараларға да айтарлықтай әсерін тигізуде. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі соғыстың спортқа қалай әсер етіп жатқанына назар салып көрді.

  • Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтер орын Санкт -Петербургтегі «Газпром Аренадан» Париждегі «Стад де Франсқа» ауысты.
  • Ресей құрамасы УЕФА турнирлеріндегі матчтарын бейтарап алаңда өткізеді.
  • Польша, Швеция және Чехия ӘЧ-2022 өтпелі кезеңінің ойындарын өткізу үшін Ресейге барудан бас тартты.
  • Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Ресей мен Беларусь жеріндегі барлық турнирлерді кейінге шегеруді немесе мүлде болдырмауды және ол елдердің туы мен гимндерін қолданбауды ұсынды.
  • Ресейлік клубтар еурокубоктағы барлық матчтарын бейтарап алаңдарда өткізеді.
  • Финляндиялық «Йокерит» хоккей клубы Гагарин кубогінде ойнамайтындарын мәлімдеді. Осылайша «Спартак» тер төкпей-ақ келесі кезеңге өтті.
  • Латвия билігі ригалық «Динамоның» ҚХЛ-ден шығуын қарастыруда.
  • Эстониялық «Калев» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасынан шықты.
  • Польшалық «Зелена-Гура» ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетуін тоқтатты.
  • Швеция мен Финляндия допты хоккейден Сыктывкардағы Әлем чемпионатына қатысудан бас тартты.
  • «Формула-1-дің» Ресейдегі Гран-при турнирі өтпейтін болды.
  • Санкт-Петербургте өтуі тиіс ATP 250 турнирі Нұр-Сұлтанға ауыстырылды.
  • Ресейде шаңғы спортынан Әлем кубогінің кезеңдері өтпейді.
  • Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы Ресейден басқа елге ауыстыралады.
  • Пермьді керлингтен өтуі тиіс Еуропа чемпионатынан айырды.
  • «Шальке 04» футбол клубы ойын жейдесіндегі демеушінің «GAZPROM» атауын алып, орнына «Schalke 04» деп жазады.
  • Биатлоннан Украина құрамасы наурыз айындағы Әлем кубогінің кезеңдеріне қатыспайды.
  • «Манчестер Юнайтед» ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясымен серіктестікті тоқтатты.
  • Германия футбол лигасы (DFL) барлық матчтарды 1 минут үнсіздікпен бастауды ұйғарды.
  • Ал Италиядағы барлық ойындар уақытынан 5 минутқа кеш басталады.
  • АПЛ кездесулер барысында Украинаның туын көрсетуге рұқсат берді. Ол үшін ешкім жазаланбайды.
  • Еуропалық регби федерациясы Ресей аумағында турнир өткізуін тоқтатты.
  • Ресей FIFA турнирлерінде мемлекеттік тусыз және әнұрансыз өнер көрсетеді. Украинадағы жағдайға байланысты санкция күшейіп, ресейліктер Әлем чемпионатына қатыстырылмауы мүмкін.
  • «Шальке» «Газпроммен» серіктестікті мерзімінен бұрын тоқтатты.
  • Халықаралық дзюдо федерациясы Владимир Путиннен ұйымның құрметті президенті және елшісі атақтарын алып тастады.
  • Ресей мен Беларусь шахматшылары халықаралық турнирлерде мемлекеттік тусыз және әнұрансыз өнер көрсетеді.
  • Футболдан Англия, Польша, Швеция, Чехия, Уэльс, Норвегия, Албания, Швейцария, Ираландия және Дания құрамалары Ресеймен ойнаудан бас тартты.
  • Халықаралық самбо федерациясы Ресей мен Беларусь жерінде турнирлер өткізбейміз деп шешті.
  • Халықаралық таеквондо федерациясы Владимир Путиннен тоғызыншы дан бойынша құрметті қара белбеуді қайтарып алады.
  • FIFA мен UEFA Ресейдің барлық командаларын (құрама, клуб) халықаралық турнирлерден шеттетті. Ресей ӘЧ-2022 өтпелі кезеңіне де, финалдық кезеңіне де қатыса алмайды. Ал «Спартак» Еуропа лигасының осы маусымынан шығарылды.
  • UEFA «Газпроммен» келісімшартты бұзды.
  • Ресей мен Белаурсь хоккей құрамалары барлық халықаралық турнирлерден шеттетілді. Олардың қатарында ересектер, әйелдер, жастар һәм жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттары бар.
  • IIHF Ресейді 2023 жылы Новосібір мен Омскте болуы тиіс хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатын өткізу қүқығынан айырды.
  • Халықаралық гандбол федеарациясы Ресей мен Беларусьті өзі өткізетін барлық турнирлерден шеттетті.

*Тізім жаңаруы мүмкін.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте