ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Басқа командада жолы болмай, «Айнтрахтты» чемпион еткен ТОП-5 футболшы

«Айнтрахт Франкфурт» Еуропа лигасының ағымдағы маусымында жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бундеслиганың бел ортасында тұрған клубтың аталмыш турнирде топ жаратынына сенгендер аз болды. Дегенмен, Оливер Гласнер шәкірттері мықты қарсыластарын, соның ішінде «Барселона» мен «Вест Хэмді», ал финалда «Рейнджерсті» жеңіп, кубокті бастарынан жоғары көтерді. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі жеңіске үлкен үлес қосқан «Айнтрахттың» бес ойыншысы жайлы сөз қозғауды жөн көрді.

Кевин Трапп

«Кайзерслаутерн» түлегі Кевин Трапп 2012 жылы «Айнтрахтқа» ауысып, жоғарғы деңгейге көтерілді. Керемет маусымдардан кейін оны 2015 жылдың жазында ПСЖ небәрі 9,5 миллион еуроға сатып алды.

Париждік клубқа Сальваторе Сиригуді алмастыратын жақсы қақпашы керек болды. 24 жастағы Трапп болашағынан зор үміт күттіретін қақпашы ретінде көрінді, оның үстіне сол кезде неміс қақпашыларының дәурені жүріп тұрған еді. «Барселона» да трендтен қалмай, сол тұста «Боруссия Мёнхенгладбахтан» Марк-Андре тер Штегенді сатып алған болатын.

Бірақ Трапптың Францияда жолы болмады. Дәлірек айтсақ, Кевин ПСЖ-ның мәртебесіне сай келмейтін ойыншылардың қатарына қосылды. Мұнда өнер көрсету үшін жақсы ойыншы болу жеткіліксіз, жұлдыз болу керек екендігін ол білген жоқ. Сондықтан Трапп өзін жақсы сезінетін жерге қайта оралды. Франкфуртте Кевинге қажет нәрсенің бәрі бар: клуб оған сенім артады және мұнда неміс қақпашысының сүт өңдейтін заводы бар. Қазір оның жасы 31-де. Бұл қақпашылар үшін нағыз жалындап тұратын кез. Соңғы жылдардағы жетістігінен кейін ол мансабын топ-клубта жалғастыруы мүмкін. Бірақ Трапп өзінің командасын тапқан секілді. Оның үстіне, мұндағы кәсібін тастап кетуі де екіталай.

Кевин Трапп

Кевин Еуропа лигасының ағымдағы маусымында 13 матчқа қатысып, екеуінде ғана гол жібермей, 13 рет қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Бірақ финалдағы пенальти сериясында Аарон Рэмзидің соққысын қайтарып, матчтың қаһарманына айналды және «Айнтрахтқа» тарихи жеңіс сыйлады.

Роде

«Айнтрахттың» 2010 жылдардағы тағы бір жұлдызы Себастьян Роде болды. Оны скауттар Германияның төменгі дивизионындағы «Киккерс» клубынан тауып алды. Франкфуртте ойыншы жасындай жарқырап, 2014 жылы «Баварияға» жолдама алды. Мюнхендік клуб өз әдетінен танбай, талантты ойыншыны еркін агент ретінде қатарына қосты.

«Бавария» бұл жүйені өте жақсы көреді. Себебі трансферге ақша төленбегендіктен, ойыншыға да, бапкерге де, клуб басшылығына да қысым жасалмайды. 2014/2015 жылғы маусымдағы чемпиондыққа Роде де өз үлесін қосты. Ол бес мәрте әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасап берді. Дегенмен, Себа негізгі құрамның ойыншысы атана алмады, өйткені ол кезде «Бавариядағы» бәсекелестік тым жоғары болды.

Роде

Қосалқы құрамда отыру оның ісі болмағандықтан, Роде командадан кету туралы шешім қабылдап, мюнхендік клубтың бәсекелесі болып табылатын «Боруссия Дортмундқа» ауысты. Томас Тухель жартылай қорғаушының еңбекқорлығы мен жігеріне тәнті болды. Бірақ неміс бапкері келесі маусымда Дортмундтан кетіп қалды. Сондықтан Роденің мұнда да жолы болмады. Ол жиі жарақат ала бастады және сұхбаттарының бірінде бас бапкер Петер Штегердің ұнамайтынын айтып, клуб басшылығының қаһарына ілікті.

2019 жылдың қысында Роде Трапптың жолымен жүруге бел буып, «Айнтрахтқа» қайта оралды. Еуропа лигасының финалы ол үшін трагедиямен басталды. Капитан матч басында шекесін жарып алғанына қарамастан, 90 минут бойы өнер көрсетті.

Борре

Рафаэль Боррені «Атлетико» 2015 жылы «Депортиво Кали» командасынан сатып алған кезде көпшілік оны «жаңа Фалькао» болады деп күтті. 6 жылдық келісім-шарт жасалып, таныстырылу рәсімі де болды.

Бірақ көп ұзамай колумбиялық шабуылшы «Депортивоға» жалға берілді. Өйткені оған «Атлетикода» ойнауға әлі ерте еді.

Мадридтік клуб бір жылдан кейін Боррені Ла Лигаға бейімделсін деп «Вильярреалға» жіберді. Дегенмен «сары сүңгуір қайық» сапында өткізген 30 матчта небәрі 4 гол соқты. 2017 жылдың маусым айында Борре «Атлетикоға» оралды, ал шілдеде мадридтік клуб оны «Ривер Плейтке» сатып жіберді.

Борре

Өзіне деген сенімділігі арта түскен Рафаэль қайтадан жарқырап, бірнеше жүлдеге ие болып, Аргентина чемпионатының 2019/2020 жылғы маусымдағы үздік сұрмергені атанды. 2021 жылдың жазында шабуылшы еркін агент атанды. Оған ресейлік ЦСКА, «Краснодар», «Бешикташ» және «Айнтрахт» ұсыныс жасады. Борре көп ойланбай, мансабын Германияда жалғастыру туралы шешім шығарды.

«Айнтрахт» сол кездері шабуылшылар үшін трамплин болып есептелді. Франкфурттық клуб сапында доп тепкен Анте Ребич «Миланға» (6,7 миллион еуроға), Андре Сильва «РБ Лейпцигке» (23 миллион еуро), Себастьян Аллер «Вест Хэмге» (50 миллион еуро), Лука Йович «Реалға» (63 миллион еуро) ауысты. Борре де осы жаздан қалмай алпауыт командалардың біріне қосылуы мүмкін.

Колумбиялық шабуылшы Еуропа лигасының ағымдағы маусымында 13 матчқа қатысып, 4 мәрте мергендігімен көзге түсті, 2 голдық пасын да айта кетпеске болмайды. «Барселона», «Вест Хэм» және финалда «Рейнджерс» қақпасына соққан маңызды голдары Боррені бүкіл әлемге үздік шабуылшылардың бірі ретінде көрсетті.

Костич

Филип Костич Еуропадағы бағаланбаған ойыншылардың бірі. Футболшы қазір 29 жаста және бұған дейін «Раднички», «Гронинген», «Штутгарт», «Гамбург», «Айнтрахт» секілді ортаңқол командаларда өнер көрсеткен. Бірақ оған «Боруссия Дортмунд», «Валенсия», тіпті «Ливерпульдің» қызығушылық танытқаны туралы қауесеттер болды.

Енді Костичтің статистикасына көз жүгірте кетейік. Соңғы төрт маусым бойы Костич Бундеслигада кемінде 10 нәтижелі пасты өз еншісіне жазып отырған. Өткен маусымда жалпы 17 рет әріптестерінің көзге түсуіне көмектесті. Сербиялық футболшы шабуылдың сол қапталында ойнайды және стандартты жағдайлардың бәрін өзі орындайды.

Костичтің «Айнтрахтпен» тағы бір жылға жарамды келісім-шарты бар. Сондықтан оны басқа командалар қатарына қосу үшін көп ақша жұмсамайды.

Филип Еуропа лигасында 12 матчқа қатысып, 3 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазды. Бұл оған турнирдің үздік ойыншысы атануға көмектесті.

Хасебе

38 жастағы футболшы әлі күнге дейін «Айнтрахттың» маңызды ойыншысы болып табылады. Жапониялық жартылай қорғаушы осы маусымда Бундеслигада 18 матчқа және Еуропа лигасында 7 ойынға қатысты.

Жапониялық футболшы кәсіби мансабын өз еліндегі «Урава Ред Даймондс» клубында бастады. 2008 жылы Германияға қоныс аударып, бес жыл бойы «Вольфсбургтің» намысын қорғады. 2013 жылы «Нюрнбергке» ауысып, бір жылын сонда өткізді. Ал 2014 жылы «Айнтрахт» клубына қосылды. Бір қызығы, 38 жасына дейін Макото клубтық деңгейде бірде-бір трофей жеңе алмаған екен.

Хасебе – Бундеслиганың тірі аңызы. Бірде-бір азиялық ойыншы Германияда Макотодан артық матч өткізген жоқ (358). Сондай-ақ қазір Бундеслигада Хасебеден үлкен (жасын ескерсек) футболшы жоқ. Ұзақ ойнау үшін Макото позициясын ауыстырып, қорғаныс шебіне көмектесу туралы да шешім қабылдады.

«Ол өзінің физикалық жағдайына көп көңіл бөледі және футболды бірінші орынға қояды. Жасына қарамастан әлі де команданың негізгі ойыншысы болу оның қаншалықты кәсіби футболшы екендігін дәлелдейді», - деді «Айнтрахттың» спорттық директоры Фреди Бобич.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте