Жақында Қазақстанға Халықаралықәуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) президенті Умар Кремлев келіп кетті.Халықаралық ұйымның басшысы премьер-министрмен кездесті. Сонымен қатар жасбоксшыларға шеберлік сағатын өткізді. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі УмарКремлевпен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен болатын.
– Қазақстанға алғаш рет келіпотыр екенсіз...
– Бұған дейін Қазақстанға келудің сәті түспеді. Сайлау басқа да жұмыстарболды. Ресей бокс федерациясын басқарып тұрған тұста Қазақстанмен біргеоқу-жаттығу жиынын өткізгенбіз. Сол кезде келемін деп ойлағанмын. Бірақ ретікелмеген.
– Осы жолы кімдермен кездесіпүлгердіңіз?
– Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен жолықтым. Ол АИБА-ныңбағдарламасын қолдады.Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының президенті КеңесРақышевпен кездестік. Халықаалық ұйымның мақсаты – спортшылар мен бапкерлергеқолайлы жағдай жасау. Олардың әлемдік аренаға шығуына көмектесу.
– Токиодағы Олимпиада ойындарындабокс жарысын басқа ұйым өткізді. Қашан АИБА мен Халықаралық Олимпиада комитетіарасындағы жағдай реттеледі?
– Бізде қазір көптеген реформалар жүріп жатыр. Келесі жылы басқа АИБАұйымын көресіздер. Біздің мақсат – ашық, әділ, таза ұйым құру. Белградтағы әлемчемпионаты осы талаптарға сай өтті.
– Бокстағы салмақтың санынкөбейттіңіздер. Қаншалықты дұрыс болды деп ойлайсыз?
– Бұл менің идеям болатын. Енді келесі жылы жүлделер 14 салмақ бойыншасарапқа салынады. Яғни 100 келі қосылады. Бәсекелестікті арттырып, бокстыңбұқаралық сипатына мән бергіміз келеді. Спортшылардан сұрап көріңіздер, оларбұған қуанышты.
– Бұрын кәсіпқой бокстаменеджерлік қызмет атқарыңыздан хабарымыз бар. Қазір кәсіпқой боксшыларғакөмектесіп жүрсіз бе?
– Мен ешқашан промоутер болмағанмын. Тек бір залда өскен жігіттергекөмектескенмін. Сосын әуесқой және кәсіпқой деп бөліп шеттеткен ұнамайды. Қазіркәсіпқой боксшылар да келіп, жарыстарымызға қатыса алады.
– Әуесқой бокстағы ең өзектімәселе – төрешілік. Әлем, құрлық чемпионаттарында өте көп әділетсіздіктердібайқаймыз. 2023 жылы Ташкентте ондай бұрмаушылықтың саны азая ма?
– Осы күні тәуелсіз сарапшыларды жұмысқа тартып жатырмыз. Профессор РичардМакларен қатарымызға қосылды. Мен боксшылардың алдында жарыстардың әділ өтуінекепілмін. Төрешілер таза өтеді. Егер өрескел қателіктер кеткендер анықталса,,Макларен бастаған комиссия тексереді. Ондай төрешілер сосын мәңгілікке АИБАастындағы долаларға қазылық етуден аластатылады. Келесі жылы барлық төрешілерқайта оқып, емтихан тапсырады. Сондай семинардың бірін Қазақстанда өткіземіз.
– Бұрын клубтар арасындағы чемпионат өтетін.Бүкіләлемдік бокс сериясын (WSB) жаңғыртудың мүмкіндігі бар ма?
– Келесі жылы әлем кубогын өткіземіз. Сосын клубтар арасындағы чемпионат тажаңғырады. Бірақ ол WSB деп аталмайды. Спортшылардың жақсы ақша тауып, өз елініңжәне клубтың атын лайықты қорғауына барлық мүмкіндікті қарастырамыз.
– Қазақстан боксшыларынан кімдіерекше атап өтесіз?
– Маған Қазақстан боксшыларынан Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаевтыңжұдырықтасу стилі ұнайды. Екеуінежанкүйер болғанмын.