ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астананың» техникалық жеңілісі, негізгі уақытқа қосылған 19 минут. Премьер-лиганың алғашқы туры қалай өтті?

5 наурызда Қазақстанчемпионатының жаңа маусымы өз бастауын алды. Жыл сайын алғашқы тур ойындарықызыққа толы болар еді. Бұл жолы гол көп болмаса да, аталмыш дәстүр өз жалғасынтапты. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі Премьер-лиганың бірінші турына шолужасады.

Ордабасы - Мақтаарал

Сертификаттаурәсімінен өту барысында қиындыққа тап болған қос команда әзер дегенде ҚазақстанПремьер-лигасына қатысуға рұқсат алды. Нөсерлете жауған жаңбырға қарамастан «Мақтаарал»мен «Ордабасы» Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда үш ұпайдысарапқа салды. Ел біріншілігінде дебют жасаған «Мақтаарал» сапында жаңаойыншылар көп болғандықтан, бір-бірін түсінісе алмай жатты. Дегенмен, ойынның18-минутында франциялық жартылай қорғаушы Билал Себаихи есеп ашып, 2022 жылғымаусымдағы алғашқы голдың авторы ретінде тіркелді. «Ордабасы» құрамында да жасәрі жаңа футболшылар болғандықтан, ойыны жүре қоймады. Бірақ шымкенттік клубқабірнеше күн бұрын қосылған Серж Ньюадзи таразы басын теңестірді. Қазақстан чемпионатынжақсы білетін Того елінің шабуылшысы алғашқы матчында-ақ гол соғып, командасынабір ұпай сыйлады. Қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқан «Ордабасы» клубысапасыз жейдеге тапсырыс берген секілді. Матч соңында ойыншылардың жейдесіндегілоготиптің қолайсыз ауа-райының салдарынан түсіп қалғанын байқадық.

Астана - Шахтер

Маусымаралық үзіліскезінде сапалы ойыншылармен толыққан командалар алғашқы турда өзара мықтыныанықтады. Десе де, қос команда өте сылбыр ойнап, гол соғатын мүмкіндіктердіұйымдастыра алмады. Үш ұпайға ие болғысы келген «Астананың» бас бапкері ойынның80-минутында либериялық шабуылшы Мохамед Камараны алаңға шығарып, Қазақстанчемпионатының регламентінде көрсетілген ережені бұзды. Тәртіптік ереженің 5.3бабына сәйкес, алаңда бір мезгілде жеті легионер ойнамауы қажет. Бастапқыда«Астананың» негізгі құрамында ережемен рұқсат етілген алты легионер болды:Марко Милошевич (Сербия), Брайан Сильва (Бразилия), Даниил Бескоровайный(Украина), Жереми Манзорро (Франция), Педро Эуженио (Португалия) және МаринТомасов (Хорватия). Ал матчтың аяқталуына он минут қалғанда Камара АбатАйымбетовтың орнына алаңға шықты. Бұл кезде негізгі құрамдағы легионерлердіңешқайсысы ауыстырылған жоқ еді. Айта кетерлігі, ЕЭО елдерінің ойыншыларылегионер болып саналмайды. Сондықтан Денис Поляков пен Макс Эбонгтің бұл ойынғақатысуы ережеге қарама-қайшы әрекет ретінде есептелмейді. Матч соңындағыбаспасөз мәслихатында Срджан Благоевич техникалық жеңіліске қатыстыжауапкершілікті өз мойнына алып, жанкүйерлер мен ойыншылардан кешірім сұрады.Ал «Шахтер» өз кезегінде гол соқпай-ақ, үш ұпайға ие болды.

Тағы бірайта кетерлігі, матч барысында «Астана Арена» шатырының аздаған бөлігі опырылыптүсті. Қуанышқа орай, бұл секторда жанкүйерлер болмағандықтан, ешкім зардапшеккен жоқ.

«Атырау»алғашқы турда «Мұнайшы» стадионында ҚПЛ дебютантын қабылдады. Атырауда қаржауғандықтан, командалар қызыл түсті доппен ойнауға мәжбүр болды. Осы әсер етсекерек, ойынның екнші таймында «Ақсудың» шабуылшысы Сергей Хижниченко бір орындатұрған допты тебе алмай, гол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Павлодарлық клубжеңіске жетпесе де, Премьер-лигадағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Алкоманданың бас бапкері Руслан Костышин өз еліне қолдау көрсету мақсатында матчбойы Украина құрамасының жейдесімен жүрді.

Руслан Костышин

«Каспий»бас бапкерін ауыстырғанына қарамастан, керемет ойын өрнегін көрсете білді.Ақтауда өз жанкүйерлерінің қолдауын сезінген Николай Костов шәкірттері алғашқыойын күнінде жеңіске жеткен жалғыз команда атанды. Матчтағы жалғыз әрі шешушіголды жаңадан келген қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Әділ соқты.Еурокубокте еліміздің намысын қорғайтын«Қызыл-Жар» негізгі құрамда бір ғана қазақстандық футболшыны шығарды (ДмитрийШмидт). Бірақ Андрей Карпович жаттықтыратын клуб матчқа арналған регламенттібұзған жоқ. Себебі негізгі құрамда Лобанцев, Каршакевич, Мурачев, Панюков секілдіЕЭО елдерінің ойыншылары өнер көрсетті. Бір қызығы, петропавлдық клубтыңқоосалқы құрамында алты бірдей шетелдік ойыншы және үш қана қазақстандықфутболшы болды. Демек, бұл маусымда Карпович тек шетелдік ойыншыларға сенімартпақ.

Тұран - Тараз

Оңтүстіктіңқос командасы «Түркістан Аренада» жеңімпазды анықтай алмай, бір ұпайды қанағаттұтты. Гол көрмесек те, бұл ойында ерекше жағдай орын алды. Матчтың бастөрешісі Артем Кучин VAR жүйесін ұзақ уақыт пайдаланғандықтан, ойынның негізгіуақытына 19 минут қосуға мәжбүр болды. Оған қоса, бас қазы кездесудің 85-минутында«Тұранның» қорғаушысы Сұлтан Әбілғазыға тәртіп бұзғаны үшін тікелей қызыл қағазкөрсетіп, алаңнан қуды.

Қайрат - Ақтөбе

Жанкүйерлер алғашқытурдың өзінде орталық матчты көруге мүмкіндік алды. Трансферлік терезедебелсенді жұмыс жасаған «Ақтөбе» «Қайратпен» күш сынасу үшін Алматыға келді. Алмаңызды ойыншылармен қоштасқан Құрбан Бердыев бұл ойында жастарға мүмкіндікберді. Виктор Васиннің орнына Дамир Қасаболат шықты, одан бөлек ДанилУстименко, Еркебұлан Седахмет, Арсен Буранчиев, Данияр Үсенов, АртурШушеначевке де негізгі құрамнан орын табылды. Алғашқы таймда біршамамүмкіндіктер жасаған Владимир Мұханов шәкірттері шабуылды түйіндей алмай жатты.Ойынның 67-минутында Жоао Паулоға қарсы ойын тәртібі бұзылып, «Ақтөбе»қақпасына пенальти белгіленді. Шушеначевтің орнына шыққан Хосе Канте бұлмүмкіндікті сәтті пайдаланды. Ал матчтың аяқталуына төрт минут қалғандагвинеялық шабуылшы баспен гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша,алматылық клуб «Ақтөбемен» матчтағы жеңісті сериясын сегіз матчқа ұзартты.

Тобыл - Ақжайық

Қазақстан Суперкубогін екінші жыл қатарынан жеңіп алған «Тобыл» Қостанайда «Ақжайықты» қабылдады. Матч бастала салысымен «Тобылдың» капитаны Серікжан Мужиков пен «Ақжайық» шабуылшысы жарақат алып, алаңдағы орындарын босатты. Бірінші таймның соңына таман Игорь Сергеев Рубен Бриджидоның әуелете асырған пасын баспен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашқан еді. Бірақ қапталдағы төреші офсайдтың болғанын анықтап, бұл голды есепке алмады. Өзбекстан құрамасының шабуылшысы 79-минутта тағы да көзге түсті. Бұл матчтағы жалғыз әрі жеңісті гол болды.

Қорытындыласақ, Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында гол көп соғылмады. Жеті ойында небәрі алты гол көрдік. Тек «Қайрат» клубы ғана екі гол соға алды. Ал, ҚПЛ дебютанттары, атап айтсақ, «Мақтаарал» мен «Ақсу» өздерінің алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте