ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Алтай» алғаш рет клубтар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

Өскеменнің «Алтай» командасы Тайланд елініңНакхонратчасима қаласында өткен клубтар арасындағы Азия чемпионатында жеңіскежетті. Meta-ratings.kz тілшісі осы жарысқа толығырақ тоқталып өтуді жөн көрді.

Алтай

Жыл сайын өткізілетін клубтар арасындағы құрлық біріншілігі былтыр пандемияға байланысты кейінге шегерілген. Биылдың өзінде бұл доданың уақыты ауысып жатты. Басында 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығына жоспарланған. Одан кейін 24-31 қазан аралығында өтеді делінген. Алайда соңында 1-7 қазан аралығында бекітілді. Қатысатын елдердің командалары да мың құбылды.

Азия волейболының көшбасшысы саналатын Қытайдан команда келмеді. Одан бөлек Жапония, Корея, Вьетнам, Тайпей елдері де аталмыш бәсекеден тыс қалды. Өзбекстан, Аустралия командалары да ойнамады.

Сондықтан ел волейболының тарихында екінші рет Қазақстаннан екі команда қатысты. Осыған дейін 2004 жылы Алматыда өткен чемионатта «Рахат» пен «Астана қанаты» бақ сынаса, биыл «Алтай» мен «Жетісу» өнер көрсетті. Сол сияқты Филиппин мен Тайландтан екі команда қатысты. Ираннан бір ұжым жүлдеге таласып көрді.

Талдықорғанның «Жетісу» командасы Азияның клубтар арасындағы чемпионатына осыған дейін 8 рет қатысқан. Биыл олар «А» тобында ПВЛ (Филиппин) мен жарыс қожайыны «Накхонратчасима Qmin C» клубтарымен кездесті.

Павлова

Айтпақшы, «Жетісуді» Қазақстан волейбол тарихындағы үздік ойыншылардың бірі Елена Павлова жаттықтырады. Бірақ COVID-19 жұқтырып алғандықтан командадан ол командадан алыстатылды. Сондықтан ақыл-кеңесін тек телефон арқылы айтып отырды.

Талдықорған командасы өз тобында екінші орын алып, плей-оффта А тобының үшінші командасы Иранның «Сайпамен» кездескен. Парсы шығанағынан келген ұжым мықтылардың қатарынан емес. Ешқашан жүлдеге қол созып көрмеген. Егер осы ойында жеңіске жеткен «Алтаймен» жартылай финалда жолығар еді. Онда Қазақстанның бір командасы финалға шығады деп күткенбіз. Бірақ «Жетісу» қарсыласқа есе жіберіп алды.

Жетісу

Сосын тек 5-7 орындарға таласып көрді. Мұнда жолы болып, бесінші орынға тұрақтады. Бұған дейін «Жетісу» Азия чемпионатында 2010, 2013 жылдары күміс, 2011,2014 жылдары қола алған.

Енді «Алтайға тоқталсақ. Еліміздің чемпиондары В тобында «Ребиско» (Филиппин), «Сайпа» (Иран),«Суприм Чонбури» (Тайланд) командаларымен бір топта болды. Сербиялық маман Марко Гршич шәкірттері топтық кезеңге ешкімге ұпай ұстатқан жоқ.

Алтай

«Алтай» (Қазақстан) – «Ребиско»(Филиппин) – 3:0 (25-23,25-13, 25-17);

«Алтай» (Қазақстан) – «Суприм Чонбури» (Тайланд) – 3:0 (25:23,25:12, 25:14);

«Алтай» (Қазақстан) – «Сайпа»(Иран)– 3:0(25:11, 25:20, 25:15).

Одан кейін жартылай финалда«Жетісудан» басым түскен Иранның «Сайпа» клубымен қайта кездесті. Бұл жолыПарсы шынағынан келген ұжым бір партияны өз пайдаларына шешті. Қорытынды есеп–3:1 (25:20, 21:25, 25:15, 25:22).

Жартылайфиналдың бірінші партиясында «Алтай» 0:10 есебімен қарсыласқа есе жіберіпжатқан. Бірақ кейін қуып жетіп, алғашқы кезең Өскемен командасының жеңісіменаяқталды. Екінші партияда ирандықтар таразы басын теңестірді. Ал келесі екіпартияда «Алтай» қарсыласқа мүмкіндік берген жоқ.

Финалдажергілікті «НахонРатчасима Qmin C» клубын оңай ұтты. Үш партяның қорытындысы бойынша«Алтай» жеңіске жетті

0:3 (22-25, 22-25,20-25).

Алтай

Сөйтіп, 14 жылдан кейін Азия клубтықчемпионатында Қазақстанның командасы жеңімпаз болды. Соңғы рет Алматының» Рахаты» 2007 жылы екіншірет чемпион атанған. Олар ең алғаш 2004 жылы құрлықта үздік болған еді.

«Алтай» бұған дейін төрт рет қатысып, Лондонның «Арсеналы» секілді төртінші орыннан әрі аса алмаған. Бірқызығы, сол төрт турнирдің екеуі Өскеменде өткен (2017, 2018 жылдары).

Бұл турнир ең алғаш 1999 жылы қолға алынған. Азия волейбол конференциясы (AVC) ерлерарасындағы бірінші жарысты Қытайдың Хэфэй қаласында, әйелдер арасындағытурнирді Убонратчатхани қаласында өткізді. Әйелдер арасында Қытай командаларысегіз рет, Тайланд – үш, Жапония – екі реттен чемпион атанған. КлубтарданҚытайдың «Тяньцзинь Бриджстоун(Бохай Бэнк)» бес рет топ жарған.

Ал «Чанг»/«Федербрау»(Таиланд) үш рет , «Шанхай КТВ» (Кытай), «Рахат» (Қазақстан), «ХисамицуСпригс» (Жапония) и «Супреме Чонбури» (Тайланд) екі мәрте үздік шыққан.

8 қазанда дәл осы Накхонратчасима қаласында ерлер арасында клубтық Азиячемпионаты басталды. Қазақстанның намысын Алматының «Буревестник» қорғап жатыр.Олар «А» тобында Тайланд, Шри-Ланка, Ирак, Кувейт командаларымен бақ сынайды.

Енді «Алтай» Халықаралық волейбол федерациясының FIVB) ұйымдастыруымен өтетінклубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Биыл бұр жарысты Түркия астанасыАнкара қаласы қабылдайды. Жарыс – 15-19 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Бек Төлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте