ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Алғаш рет бокстан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстаннан 10 боксшы жолдама алды

Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлемчемпионатында ширек финалдың жекпе-жектері өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан 10 боксшы өнер көрсетді.Отандастарымыздың қарсыластарына Meta-ratings.kz тілшісі тоқталып өтпек.

скоБ

Ал күндізгі сессияда ең алдымен жеңіл салмақтағы бес дүркін Қазақстанчемпионы Теміртас Жүсіпов (48 келі) шығады. Ол өзбек боксшысы НодиржонМирзахмедовпен кездеседі. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.Қарсыласы биыл Дубайда өткен Азия чемпионатында топ жарған. Ол кезде финалдатағы бір қазақстандық боксшы Данил Сәбиттен басым түскен.

Махмұд Сабырхан(54 келі) өзімен жаста бразилиялық Майкл Тринидадпен кездеседі. Қарсыласы даталантты спортшы. Ол бұған дейін Нельсон Герерро (Никарагуа) мен Мұхаммед Сачлиді (Түркия) жеңген.

АғайындыТөлтаевтардан күндізгі сессияда Саматәлі (60 келі) өнер көрсетеді. Маңғыстаулықбоксшы Софиан Умихамен (Франция) жолығады. Қарсыласының атақ-даңқы алысқакеткен. 21 жасында Рио Олимпиадасында күміс медаль алған. Одан кейін келесіжылы Гамбургте әлем чемпионы атанған. Сондықтан жерлесіміз оңай болмасы анық.

вопісүЖ

Ұлттық құрамакапитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) моңғолиялық Баатарсухийн Чинзоригпен кездеседі. Бұған дейін біреше жыл 64келіде өнер көрсеткен. 2018 жылғы жазғы Азия ойындарынң күміс жүлдегері.Айтпақшы, Абылайхан екеуі Рио Олимпиадасының алдындағы іріктеу жарысындакездескен. Ол кезде19 жастағы отандасымыз жеңіске жеткен.

Кеше Босқындарқұрамасының өкілін айқын басымдықпен ұтқан Нұрқанат Райыс (75 келі) бүгіниталиялық Салватор Кавалерромен кездеседі. Қарсыласы – Еуропаның вице-чемпионы.

сыйаР

Ал кешкі23:00-де басталады. Бірінші болып рингке Токио Олимпиадасының қола жүлдегеріСәкен Бибосынов (51 келі) көтеріледі. Отандасымыз колумбиялық ЮберхенМартинеспен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Күні кеше 30 жасқатолған Мартинес 2016 жылы Рио Олимпиадасының финалында Хасанбой Дусматовтанұтылып, күміс жүлдегер атанған. Келесі жылы Гамбургтегі әлем чемпионатында тағыда сол өзбек боксшысымен жартылай финалда жолығып, екінші рет есе жіберген.Дегенмен қола медаль бұйырды.

некеәС

Сәкен біріншіайналымда Хасанбой Дусматовтан басым түскен еді. Сондықтан қызықты кездесуболары анық.

ТокиоОлимпиадасында жолы болмаған Серік Теміржанов әлем чемпионатына тыңғылықтыдайындықпен келіпті. Павлодарлық боксшы ширек финалда 21 жастағы ресейлік Эдуард Савинмен кездеседі.

СанатәліТөлтаев (63,5 келі) ширек финалда Шотландиядан келген Рис Линчтің әуселесінбайқап көрмек. Қарсыласы да жас боксшы.

АсланбекШымбергенов (71 келі) 19 жастағы украиналық Юрий Захариевпен жартылай финалдыңжолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы – биыл Польшада өткен жастар арасындағыәлем чемпионатының жеңімпазы. Ол кеше испаниялық ЮбуСиссоко Ндиайені жеңген.

кебрұүН

Ағайынды ОралбайларданАйбек 1/8 финалда жарыстан шығып қалды. Енді тек Нұрбек қалды. Ол 80 келігедейін салмақта 23 жастағы жергілікті боксшы Владимир Мирончиковпенкездеседі.

Әлем чемпионатының ширекфиналына Қазақстаннан – 10, Ресейден – 8, Өзбекстан, Куба, АҚШ 6 боксшы өтті. Үндістан менТайландтан – 5, Әзірбайжаннан 4 боксшы жолдама алды.

БекТөлеуов

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте